Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 22:22

Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы партия алаңында қоғамдық қабылдау өткізді

08.09.2022

480

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалында облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қоғамдық қабылдауға келушілер «Жалпыға міндетті білім беру» қоры есебінен көрсетілетін көмек пен жұмысқа қабылдау мәселелерін көтерді.

Осы орайда басқарма басшысы Мейрамбек Шермағанбет қабылдауға келушілерге Міндетті оқу қоры есебінен көрсетілетін қаржылай көмек тек арнайы 5 санаттағы отбасыларға берілетіндігін жеткізді. Сондай-ақ жұмысқа орналасу жаңа ережеге сәйкес конкурс арқылы жүргізілетіндігі де түсіндірілді. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру ұйымының тәрбиешілер және ата-аналардың балабақшаларға қатысты бірқатар өтініштері мен мәселелері тыңдалды.

Басқарма басшысы балабақшаларға қатысты көтерілген мәселелеріне зерделеу жұмыстарын жүргізіліп, оңтайлы шешілуіне білім бөлімдеріне тапсырма берілетіндігін жеткізді.

Қабылдауға келген барлық тұрғынның мәселелері тыңдалды. Барлық сұраққа жауап берген басқарма басшысы әрбір тұрғынның мәселесі жіті бақылауда болатынын айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: