Бүгін Ақсу ауылдық клубында «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Ақсу ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет.Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жиналысы болып өтті.
Жиынға ауыл әкімі М.Шілдебаев, ауыл ардагерлері, білім беру, мәдениет саласының мамандары қатысты.
Партия ұйымының жиналысына Жалағаш аудандық мәслихаттағы «АMANAT» партиясы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары, партия филиалының есепке алу және статистика секторының меңгерушісі А.Кенжебаев қатысып, Жолдауда айтылған игі бастамалармен қатар көптеген сала бойынша жүргізілетін реформалар туралы жеткізіп, Мемлекет басшысы атап өткендей әрбіріміздің білімді, еңбекқор әрі әділ болуға тиіс. Сонда ғана қуатты ұлтқа, дамыған мемлекетке айналамыз деп айтып өтті.
Сонымен бірге Жолдау туралы өз пікірін білдірген Ақсулық партияластар Әділетті Қазақстан құруда партияластарды бір болып, ел игілігі жолында жұмыс жасауға шақырды.
А.Кенжебаев күн тәртібінде бастауыш партия ұйымының төрағасы, 116 орта мектебінің директоры қызметін атқарған Н.Бақбергеновтың Білім және ғылым министрлігі «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларына ротация жүргізу қағидаларының» жобасы аясында жұмыс орның ауыстыруына байланысты жаңадан төраға сайлау туралы ұсыныс айтты.
Жиында сөз алған Н.Бақбергенов бастауыш партия ұйымының атқарып жатырған жұмыстары туралы айтып, алдағы уақытта жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші ауыл-ел болып бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Сөз алған партия мүшесі, ауылдық клуб басшысы М.Қанбаева Н.Бақбергеновке өз ризашылығымен алдағы жұмыстарына табыстар тілеп, партия ұйымының төрағалығына 116 орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Иманқалиеваның кандидатурасын ұсынды.
Бастауыш партия ұйымының мүшелерінің қолдауымен бірауыздан К.Иманқалиева «Ақсу ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының төрағасы болып сайланды. Ауыл ардагері Аппазов Оңғар ата мемлекетіміздің тұрақтылығы, сындарлы саясатын ауыл болып қолдауға шақырып, ақ батасын беріп тілектестігін білдірді
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!