Бүгін аудан әкімі Асқарбек Есжанов кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға 11 азамат келіп, өз мәселесін жеткізді. Басым бөлігі әлеуметтік салаға қатысты.
Қабылдауда жұмысқа орналастыру, жүк көліктерінің қозғалысы, қайтарымсыз грант, тұрғын үй алуға көмектесу туралы мәселелер көтерілді.
Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар жұмыс сұраушылардың мәселесін шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!