Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Бейсенбі, 21 қараша, 22:32

Кофені күніне 2-3 рет ішсе не болады?

29.09.2022

1168

0

Аустралиядағы Бейкер жүрек және қант диабетін зерттеу институтының ғалымдары кофе ішу ұзақ өмір сүруге қалай әсер ететінін тексерді, – деп хабарлайды doctorpiter.ru.

Ол үшін сарапшылар 40 пен 69 жас аралығындағы 449 мың адамның деректеріне талдау жасауды ұйғарды. Сонымен қатар, олардың әрқайсында сауалнама басталған кезде жүрек немесе қан тамырларына қатысты проблемалар болмаған.

Тәжірибеге қатысушылардан күніне қанша шыныаяқ кофе ішетіні және оның қай түрін ұнататынын сұрады: ұнтақталған, тез, кофеинсіз немесе сүтпен. Кейін олар адамдарды кофе мөлшеріне байланысты алты топқа бөлді.

Тәжірибе басталғаннан бері 12 жыл өтті. Нәтижесінде кофенің кез келген түрін ішкендердің өлім қаупі төмендегені анықталды. Одан бөлек, ғалымдар күніне 2-3 кесе кофе ішетін адамдар арасында өлім қаупі айтарлықтай төмендегенін байқады.

Мәселе кофенің жүрек пен қан тамырларына қалай әсер ететінінде – бұл көбіне өлімге әкелетін ауруларға байланысты. Мұндай патологиялар тәжірибе аяғында зерттеуге қатысқан 43 мың адамда анықталды. Күніне 2-3 кесе кофе ішетін топтың мүшелері патологияға аз шалдыққаны белгілі болды.

Дәл осындай зерттеулерді Будапешт пен Лондон ғалымдары да жүргізді. Олардың нәтижелері ұқсас болды.

Зерттеу авторлары ұлыбританиялықтардың 11 жыл бойы тамақтану әдеттерін сараптады. Нәтижесінде күніне үш шыны кофе өлім қаупін 12 пайызға, жүрек ауруынан болатын ауруларын 17 пайызға, инсультты 21 пайызға төмендететінін анықталған. Сонымен қатар, ғалымдар адамда кофеге медициналық қарсы көрсетілімдер болмаса, онда оның ағзаға пайдасы бар деген қорытындыға келді.

Алайда еуропалық ғалымдар адам ағзасына тек жаңа ұнтақталған кофе пайдалы екенін алға тартады.

massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: