Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Жұма, 27 желтоқсан, 20:54

Меже 100 пайызға орындалған

01.12.2022

371

0

2022 жылдың 1 желтоқсанына аудан бюджетінің жалпы түсімдерінің жоспары 12 млрд 784 млн 795,6 мың теңге болып жоспарланған. Ал орындалуына келсек, 12 млрд 863 млн 657,5 мың теңгені құрап отыр. Жоғарыдағы сандардан меженің 100,6 пайызға орындалғанын бағамдаймыз. Оның ішінде өз кірістерінің жоспары 1 млрд 704 млн 606,1 мың теңге болып белгіленген. Ал атқарылуына келсек, 1 млрд 706 млн 776,4 мың теңге болды. Яғни бұл жерде де меженің  100,1 пайызға орындалғанын бағамдауға болады.

Жоғарыда атап өткеніміздей, аудан бюджетінің түсімдері есепті кезеңге толығымен орындалған. Десе де ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына «Саутс ойл» мұнай компаниясынан 4-кезең үшін  есептелінген 80 млн 463 мың теңге мүлік салығы  және 303103 «Азаматтарға пәтерлер сатудан түсетін түсімдер»  коды бойынша 5 пәтер сатылмауына байланысты 32 млн 500 мың теңге жергілікті бюджетке түспеген болатын. Бүгінде «Саутс ойл» мұнай компаниясынан 4-кезең үшін  есептелінген 80 млн 463 мың теңге мүлік салығы шешімін тауып отыр. 

Сондай-ақ кент, ауылдық округ әкімі аппараттары бойынша өз кірістерінің жылдық жоспары 167 млн 539 мың теңге болып межеленіпті, ал орындалуына келсек, 145 млн 222,8 мың теңгені құрап отыр. Яғни меженің жылдық орындалуы 86,7 пайызға жеткен. Бірақ әлі де жыл соңына дейін 22 млн 316,2 мың теңге түсім дербес бюджетке түсірілуі тиіс екен. 

Тарқатып айтар болсақ, Жалағаш кенті бойынша 24 564,9 мың теңгеге (82 пайыз), Ақсу ауылдық округі бойынша 221,6 мың теңгеге (82,8 пайыз), Жаңадария ауылдық округі бойынша 90,6 мың теңгеге (75,8 пайыз),  Еңбек ауылдық округі бойынша 546,1 мың теңгеге (75,8 пайыз) және Жаңаталап ауылдық округі бойынша 208,8 мың теңгеге (84,5 пайыз) орындалмай отыр. Бұл ретте аудандағы қаржы саласының мамандары кірістер болжамының орындалмауы шығыстар бөлігінің шығыны жабылмай, кредиторлық берешектердің пайда болуына әкелетінін айтады.

2022 жылдың 1 желтоқсанына шығыстар жоспары 13 млрд 003 млн 189,2 мың теңге болып белгіленген болатын. Ал оның орындалуына көз жүгіртсек, 12 млрд 944 мың 728,6 мың теңгені құрап отыр. Яғни меже 99,6 пайызға орындалған. 58 млн 460,6 мың теңге әлі де игерілмей отыр екен.

Аудандағы қаржы саласы мамандарының жасаған талдауына көз жүгіртсек, республикалық бюджеттен игерілмеген қаражат көлемі 17 478,1 мың теңгеге жеткен. Яғни 98,9 пайызды құрайды. Оның ішінде Жалағаш кентіндегі «Ақтерек» учаскесінен су ұңғымалары және су жинау-тарату кешенінің құрылысынан 1 124,0 мың теңге мемлекеттік сатып алу бойынша үнемделіпті. Сондай-ақ аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінен 16 101,2 мың теңге, оның ішінде 6 424,8 мың теңгесі жастарға берілетін гранттардан және 8 805,0 мың теңгесі жастар тәжірибиесінен үнемделген.

Мұнан бөлек барлық бағдарлама әкімшілерінен 252,9 мың теңге азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысынан үнемделген.

Қазақстан республикасы Ұлттық қорынан игерілмегені 33 389,3 мың теңгеге жеткен. Яғни  98,3 пайызды құрап отыр. Оның ішінде 12 124,0 мың теңге Аққұм және Мәдениет елді мекендеріндегі тұтынушыларға су тарату желісінің құрылысынан мемлекеттік сатып алу бойынша үнемделген. 16 265,3 мың теңге, оның ішінде 8 267,7 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделген екен. Мұнан бөлек 7 997,6 мың теңге Мөрәлі Шәменов ауылының 9 көшесін, яғни Мәмбет әулие, Н.Пірімов, М.Қалжанов, Абай, Есжан, Есжан 1, Абылайхан, Бұқарбай батыр, Ә.Тәшімбетов көшелеріне орташа жөндеуден жұмыс көлемі болмауынан игерілмепті. Мырзабай ахун ауылында да дәл солай, яғни ауылдық округтегі 2 көшені, Колхоз және Мәдениет көшелеріне жүргізілген күрделі жөндеуден 5 000,0 мың теңге 5 пайыздық төлемі бар.                                                                                                                                                                                                                                                                    

Облыстық бюджеттен игерілмеген қаражат көлемі 1 500,0 мың теңге немесе 99,8 пайызды құрап отыр. Оның ішінде 1 355,6 мың теңге Жалағаш кентіндегі Еңбек Ері Несіпбай Апрезов көшесін орташа жөндеуден мемлекеттік сатып алу бойынша үнемделген. Барлық бағдарлама әкімшілерінен 144,7 мың теңге жалақы қорынан нақты төлемдерден  үнемделген.

Аудандық қаржы бөлімінің мамандары жергілікті бюджеттің 6 092,9 мың теңгеге атқарылмағанын айтады. Оның ішінде Ақсу ауылдық округі әкімінің аппаратынан 321,9 мың теңге тауарлардың жеткізілмеуінен атқарылмапты. Қаракеткен ауылдық округі мен Таң ауылдық округіндегі жағдай да осылай, түбін түртсең, себеп ортақ. Мәселен, Қаракеткен ауылдық округі әкімінің аппаратынан 325,5 мың теңге тауарлардың жеткізілмеуінен атқарылмаса, Таң ауылдық округі әкімінің аппаратынан 466,1 мың теңге де тауарлардың жеткізілмеуінен атқарылмапты.

Ал Жаңаталап ауылдық округі әкімінің аппаратынан 845,9 мың теңге оның ішінде 376,2 мың теңге «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасына мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаздың анықталмауынан және 380,8 мың теңге өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу ерекшелігінен, тауарлардың жеткізілмеуінен орындалмапты. Аққұм ауылдық округі әкімінің аппаратынан 687,0 мың теңге, оның ішінде 324,7 мың теңге тауарлардың жеткізілмеуінен, ал 362,3 мың теңге еңбекақы төлеуден және мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарының ерекшелігінен жоспардың айларға дұрыс бөлінбеуінен болып отыр.

Барлық бағдарлама әкімшілерінен 3 446,5 мың теңге ағымдағы шығындардан үнемделген. Ал 2023 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджетінің болжамды атқарылуы 99,4 пайыз немесе 90 929,8 мың теңге атқарылмайды деп болжануда. Бұған қатысты аудандағы қаржы саласы мамандарының жасаған талдауына көз жүгіртсек, Қазақстан республикасы Ұлттық қорынан игерілмейтіні 42 373,0 мың теңге екен. Оның ішінде 22 373,0 мың теңге «Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр-Жаңадария» автомобиль жолын орташа жөндеуден жұмыс көлемі болмауынан атқарылмайды екен. Ал 20 000,0 мың теңге Жалағаш ауданы Мөрәлі Шәменов ауылы Бұқарбай батыр көшесі №6 үй мекен-жайындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден жұмысы аяқталмауынан орындалмайды.

Республикалық бюджеттен 15 000,0 мың теңге және облыстық бюджеттен 29 197,6 мың теңге Жалағаш ауданы Жалағаш кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысынан жұмыс көлемі болмауынан атқарылмайтын көрінеді. Ал аудандық бюджеттен 1 353,0 мың теңге жергілікті атқарушы органның резервінен үнемделеді екен.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: