«Спутник V» вакцинасын салдырғаннан кейін коронавирусқа қарсы иммунитет екі жыл сақталады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді.
1 ақпанда қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасы егіле бастады.
«Күні кеше ғана әлемдегі жетекші медициналық ғылыми журналдардың бірі – Lancet (Ұлыбритания) SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцинаның тиімділігі 91,6%-ті құрағанын хабарлады. Бұған қоса, «Спутник» вакцинасын алғаннан кейін иммунитет кем дегенде екі жыл сақталатыны дәлелденді. Вакцина коронавирустың жаңа «британдық» және «оңтүстікафрикалық» штаммдарына да тойтарыс бере алады», – деді Қиясов онлайн брифингте.
Ол вакциналау кезең-кезеңмен жүргізілетінін атап өтті.
Ең алдымен, медицина қызметкерлері, кейін педагогтер, күш құрылымдарының қызметкерлері егіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!