Құрылтай

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

36°C

, Бейсенбі, 13 тамыз, 16:17

Қызылордада жастар күні Оpen Аir концертімен қорытындыланды

13.08.2026

4

0

Бүгін Қызылорда қаласының орталық алаңында 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне арналған жастар онкүндігінің қорытынды шарасы өтті.

Қызылордада жастар күні Оpen Аir концертімен қорытындыланды

Онкүндік «Жастармен бірге!» атты ауқымды Open Air форматындағы мерекелік концертпен түйінделді.

Ашық аспан астында өткен мерекелік кешке 12 мыңнан астам қала тұрғыны мен жастар жиналды.

Қызылордада жастар күні Оpen Аir концертімен қорытындыланды

Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай қатысып, өңір жастарын мерекемен құттықтады.

Қызылордада жастар күні Оpen Аir концертімен қорытындыланды

«Жастар – елдің ертеңін күтетін буын ғана емес, бүгінгі қоғамның қозғаушы күші. Мереке қарсаңында соңғы он күн ішінде өңірімізде жастардың білімін жетілдіруге, шығармашылық қабілетін шыңдауға, қоғамдық белсенділігін арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.Бұл – жастар саясатының бір күндік науқаны емес, жүйелі әрі тұрақты бағыт екенін көрсетеді. Сыр жастары қай кезде де елдік бастамалардың бел ортасынан табылып келеді», – деді Қайрат Ырзақұлұлы.

Қызылордада жастар күні Оpen Аir концертімен қорытындыланды

Жастар мерекесіне арналған онкүндік аясында өңір жастарының басын қосқан қоғамдық, мәдени, спорттық, шығармашылық және танымдық бағыттағы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Басты назар жастардың белсенділігін арттыруға, азаматтық жауапкершілігін нығайтуға және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталды.

Қызылордада жастар күні Оpen Аir концертімен қорытындыланды

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» қағидаттарын насихаттауға арналған мазмұнды кездесулер мен түрлі акциялар, интеллектуалдық ойындар, пікірталас алаңдары және шығармашылық жобалар өткізілді.

Қызылордада жастар күні Оpen Аir концертімен қорытындыланды

Аталған бастамалар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, жаңа идеялары мен бастамаларын жүзеге асыруына мүмкіндік берді.

Қызылордада жастар күні Оpen Аir концертімен қорытындыланды

Кеш барысында жергілікті өнерпаздармен қатар, қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары MYNBAY, Қайрат Түнтеков және Досбол Нұрылла өнер көрсетіп, көпшілікке танымал әндерін орындады. Танымал орындаушылардың өнері мерекелік кештің ажарын ашып, жастарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Қызылордада жастар күні Оpen Аir концертімен қорытындыланды

Осылайша, Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік Қызылордадағы ауқымды «Жастармен бірге!» Open Air концертімен қорытындыланып, жас буынның жалынды үні мен шығармашылық қуатын, белсенділігі мен көтеріңкі көңіл күйін тоғыстырған жарқын мерекеге айналды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: