Құрылтай

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

41°C

, Сейсенбі, 11 тамыз, 16:30

Жалағаш ауданында сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған

11.08.2026

1

0

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты Жалағаш  ауданында мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында Жалағаш  аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 18 шілдедегі №АСК-24/197-1 қаулысымен жұмысшы тобы құрылды.

Жұмысшы топ құрамына «Ұлы Орда күші» мүгедектігі қоғамдық бірлестігі президенті, Жалағаш  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әдіскері және Жалағаш  аудандық сайлау комиссиясының хатшысы бекітілген.

Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысшы тобы  2026 жылғы 7-8 тамыз күндері Жалағаш ауданында орналасқан сайлау учаскелерін аралап, мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында сайлау учаскелерінің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі, пандустардың, тұтқалардың, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы орындардың болуы, дауыс беру кабиналарының талаптарға сәйкестігі, сондай-ақ ақпараттық-анықтамалық материалдардың қолжетімділігі зерделенді.

Мониторинг қорытындысы бойынша Жалағаш ауданындағы сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруіне қажетті қолайлы жағдайлар жасалғаны анықталды. Атап айтқанда, сайлау учаскелеріне кедергісіз кіру мүмкіндігі қарастырылған, пандустар мен арнайы жабдықтар талапқа сәйкес орналастырылған, дауыс беру кезінде мүгедектігі бар адамдарға қажетті көмек көрсету шаралары көзделген.

Сонымен қатар сайлау учаскелеріндегі жауапты тұлғаларға мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын сақтау, олардың дауыс беруіне кедергісіз жағдай жасау және сайлау процесінде қажетті көмек көрсету бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

                                 Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: