Құрылтай

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

37°C

, Сәрсенбі, 12 тамыз, 15:25

Жазасын өтеушілер арасында сайыс өтті

12.08.2026

3

0

Қызылорда облысы прокуратурасының бастамасымен Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, №60 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандар арасында «Мен-өз міндеттерімді білемін!»-тақырыбында сайыстық іс-шара өтті.

Аталған іс-шараға 400-ге жуық жазасын өтеушілер қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – сотталғандарды әлеуметтендіру, қоғамға бейімдеуге жәрдемдесу және жаза өтеу барысында құқық бұзушылықтардың алдын-алу, тәрбиеге баулу болып табылады.

Іс-шараға белсенді қатысып, ерекшеленген жазасын өтеушілер алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Алдағы уақытта осы тектес іс-шаралар облыс прокуратурасымен өз жалғасын табады.

прокуратура ДУис
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: