Құрылтай

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

35°C

, Сәрсенбі, 12 тамыз, 18:27

Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі

12.08.2026

3

0

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне арналған жиын өтті.

Екі ел арасындағы достық қарым- қатынас пен стратегиялық серіктестік өңіраралық байланыстарды дамытуға оң әсерін тигізді. Әсіресе, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, озық технологияларды қолданысқа енгізу бағытында өз нәтижесін беріп келеді.

Өткен жылы Қызылорда облысы мен Корея Республикасы арасындағы өзара тауар айналымының көлемі 1,2 млн АҚШ долларына жетіп, өсім көрсеткіші артқан.
Мемлекет басшысы елімізде шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы тапсырма бергені белгілі. Осыған сәйкес, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында Оңтүстік Кореяның SeoulTech университетінің Жасанды интеллект мектебі ашылды.
Бүгінде еліміздегі алғашқы жасанды интеллект мектебінде 225 студент білім алуда. Алдағы оқу жылында тағы 128 студент қабылданады.

Сонымен қатар, шикізат өндірісін ұлғайту мақсатында кореялық компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.
Атап айтқанда, витражды терезе өндірісін жолға қою және сауда-логистикалық орталық құру туралы бірқатар ұсыныс қарастырылып жатыр.
Аталған жобаларды инвестициялық әлеуеті жоғары Қорқыт Ата арнайы экономикалық аймағында орналастыру көзделген.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: