«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен биылғы жылдың 1-3 наурыз аралығында білім беру ұйымдарының психологтары арасында «Үздік жыл психологы» атты республикалық конкурсы өтті.
Байқаудың мақсаты – дарынды психологтарды анықтау мен қолдау және озық тәжірибені насихаттау.
Байқауға республика бойынша білім беру ұйымдарынан 98 педагог-психолог маман қатысты. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі ІІ орынды Қызылорда қаласындағы №268 мектеп-лицейінің педагог-психологы Жадыра Бажеева иеленді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!