Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:13

Қазақстанда 8 наурызда туған қанша ер адам бар?

07.03.2023

209

0

Қазақстанда 27 мыңнан аса ер адам 8 наурызда дүниеге келген. Арулар мен аналардың мейрамына туған күні тұспа-тұс келген жігіттер қауымы бұл күні ерекше сезімді бастан кешіретіні жасырын емес. Massaget.kz тілшісі 8 наурызда туған ерлер туралы қызық деректерге шолу жасады.

Қазақстанда туған күнін 8 наурызда тойлайтын қанша ер адам бар? 

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 27 587 ер адам 8 наурызда туған.

8 наурызда туған ер адамдардың мінезі қандай болады?

Осындай ерекше күні дүниеге келген ер адамдарға әдетте мына қасиеттер тән екен: өршіл, жаңа жағдайларға тез бейімделу қабілеті, сыпайылық.

Олар көп жұмыс істейді және терең қиял мен түсінікке ие. Бұл күні туғандар қаржылық қолдаусыз өзін сенімсіз сезінеді. Сондай-ақ, олар іскерлік міндет пен ол үшін жауапкершіліктен ешқашан қорқытпайды.

8 наурызда туған қандай танымал ер адам бар?

8 наурызда дүниеге келген аңыз адамдардың бірі – әнші, композитор, күйші, актер Манарбек Ержанов. Ол 1901 жылы 8 наурызда Қарағанды облысында дүниеге келген. Ертең – атақты әншінің 122 жылдық мерейтойы.

«Әзілдеп жатады». 8 наурызда туған ер адамдар

8 наурызда дүниеге келгендердің бірі – Алматыдағы Халықаралық инженерлік-технологиялық колледжің студенті Арсен Әсет. Ол бұл күні қызық сезімде болатынын жасырмады.

«Әрине, қызық болады. Достарым әзілдеп жататын кездері болады, жыл сайын 8 наурыздық құттықтауларды жібереді. Бұл күні өзімді «барлығы туған күнімнің арқасында демалып жатыр» деп жұбатып, соған мәз-мейрам болып жүремін», – дейді ол.

Ал дәл осы дүниеге келгендердің бірі алматылық Айдос Тоқан туған күнінің 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне сай келетіні ыңғайсыздық туғызатынын жасырмады.

«Қызық деп айтуға келмейді, ыңғайсыздығы көп. Барлық жерде бос орын жоқ, бір жерге шығу үшін 1-2 апта бұрын дайындалу керек, ал оған уақыт болмай қалады. Сол үшін көбіне 8 наурыз демалыс болса да, кейін атап өтемін», – дейді Айдос.

Ол бұл күні қыздарға қосылып, өзі де гүл алған кездер болғанын еске алды.

«1-курста қыздарды құттықтау кезінде барлығына гүл берген кезде маған да гүл берген. Бірақ ішінде үсіп қалған, қыздарға беруге ұят гүлді берді. Мереке қарсаңында апайлар қыздарға сыйлық жасап, баға қоятын кезде маған да қосып қойып беретін. Ал кейде тіпті қарбаласта туған күнім екені ұмтылып та кететін еді», – дейді ол.

MASSAGET

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: