Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 13:19

ҚР Ауыл шаруашылығы Министрі қызылордалық шаруалармен кездесті

14.04.2023

430

0

Бүгін Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ауылшаруашылығы тауарөндірушілерімен кездесіп, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ведомство басшысынаҮкімет тарапынан көрсетілген қолдау үшінризашылығын білдірді.

«Соңғы жылдары орын алған су тапшылығынақарамастан Сыр диқандары Мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасындаегіннен мол өнім алып, салада өсім динамикасықалыптасты. Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі өткенжылдың қорытындысымен 6,3 пайызға артты.

Былтыр ауыл шаруашылығының негізгі қорына 9,9 млрд. теңге инвестиция салынып, 2021 жылменсалыстырғанда 8 пайызға артса, биылғы қаңтар-ақпанайларында өткен жылдың сәйкес кезеңіменсалыстырғанда 13,2 есе өсті. 

Өткен жылы саланы субсидиялауға 11,9 млрд. теңгеқаржы бөлінсе, биыл 13,8 млрд. теңге қаралды. Сыр диқандары 195,6 мың гектарға ауыл шаруашылығыдақылдарын егуді жоспарлауда. Оның ішінде негізгідақыл – күріш көлемі 83,9 мың гектар көлеміндемежеленген», – деді аймақ басшысы.

Ербол Қарашөкеев биылғы субсидиялау ережелеріментаныстырып, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімдіпайдалану мәселелерін талқыға салды.

Жиынға облыстың ауылшаруашылығы саласыныңөкілдері, қала және аудан әкімдері бейнеконференциябайланысы арқылы қатыстып, өз сұрақтарын қойды. «Абзал и К» ТС бас агрономы А.Алиакбаров, «Ақтөбе и К» ЖШС директоры Н.Іздібаев, «Ақжарма и К» ЖШС бас агрономы Ғ.Ізтілеуов, «Сейтжанов», ШҚ төрағасыШ.Сейтжанов, «РК Мұнай» ЖШС құрылтайшысыР.Нұржанова және «Ер-Әлі» шаруа қожалығыныңтөрағасы Ә.Бекжанов ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Айта кетейік, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сыр өңіріне сапары барысында Сырдария ауданыН.Ілиясов ауылындағы көркейту көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын көріп, республика көлеміндеөтетін ауылды дамыту тақырыбындағы семинарғадайындық мәселелерін пысықтады. Жеке қабылдауөткізіп, жергілікті БАҚ өкілдеріне брифинг берді жәнеҚызылорда қаласындағы ауыл шаруашылығықұрылымдары жұмысымен танысты. 

Анықтама үшін: Өткен жылмен салыстырғандаоблыста жалпы егіс көлемін 7,0 мың гектарға, оныңішінде күріш көлемін 5,3 мың гектарға, мал азықтықдақылдарды 2,3 мың гектарға, картоп, көкөніс, бақшакөлемін 222 гектарға ұлғайту көзделуде. Вегетация кезеңіне су лимиті белгіленгеннен кейін егіс көлемінақтыланатын болады. 

Су тапшылығын ескере отырып, ауыл шаруашылығынәртараптандыру үшін соңғы 2 жылда облыста күрішкөлемі 11 мың гектарға дейін қысқартылып, орнынасуды аз қажет ететін дақылдар көлемі 17,1 мыңгектарға ұлғайтылды. 1,0 мың гектарға су үнемдеутехнологиясын қолдану арқылы егін егілсе, биыл 667 гектарға қолданылатын болады. 2030 жылға дейіноның көлемін 17,2 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Биыл Украина ғалымдарымен тәжірибе ретіндедемонстрациялық алқапқа әртараптандырубағытындағы дақылдарды егу қолға алынды. Қазіркөктемгі дала жұмыстары мен егін егу науқаны кестегесай жүруде, диқандар тұқым, тыңайтқыш, техника жәнежанар-жағармаймен толық қамтылған. 

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: