9-11 ақпанға ауа райы болжамын жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Кезең ішінде Қазақстан аумағының басым бөлігі Скандинавия аудандарынан келетін суық антициклонның ықпалында болады, онымен ауа температурасы 23-30 градус аязға дейін, елдің шығысында 28-33 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.
Ал батыс өңірлерге Атлантика аудандарынан кезекті циклон әсер етеді, жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ, тұман, сондай-ақ ауа температурасы көтеріледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!