Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 18 сәуірдегі ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 сәуірдегі мәлімет бойынша, бір тәулікте 71 адам коронавирус инфекциясымен тіркелген. 1 717 адам коронавирус инфекциясынан (–1 533+ және 184 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 184 пациент стационарда, 1 533 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 2 адамның жағдайы ауыр,
- жағдайы өте ауыр науқас жоқ,
- ӨЖЖ аппаратында жатқан пациент тіркелмеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!