Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-6°C

, Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:45

Жемқорлықпен күресу –қоғамдық кеңестің негізгі міндеті

13.02.2021

619

0

Қоғам дамуын тежейтін сыбайлас жемқорлықпен күрес баршамызға ортақ міндет екенін жақсы білеміз. Себебі мемлекеттің алға өрлеуіне кері әсерін тигізетін бұл дерттің жолын кесу бәрінен маңызды. Дамушы елдердей Қазақстан да сыбайлас жемқорлықпен күресті негізгі міндет етіп алуының мақсаты осында. Жуырда «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес кеңесінің мүшелері де аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, әрбір ұжымға қоғам дертімен күресудің және оны болдырмауға өз үлесімізді қосудың маңыздылығына тоқталды.

Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейде өткен басқосуда ұжым қызметкерлеріне жоспарға сәйкес «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Талғат Садықов, Жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Ахан Кенжебаев 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы аясында қоғамдық кеңестің атқарып отырған жұмыстары мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қоғам дертін дендетпеудің маңыздылығына тоқталған кеңес төрағасы Талғат Садықов әріптестерін жемқорлықпен жұмыла күресуге шақырды.


– Қазақстан алдына үлкен мақсат қою арқылы өзін дамушы елдер қатарына қосуды мақсат етіп отыр. Бұл ретте ең алдымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алған дұрыс. Оған қарсы күрес шараларында баршамыз белсенді болуымыз қажет. Сонда ғана дерт дендемейді деген сенімдемін. Әрбір адам, әрбір тұлға өзін жағымсыз әдеттен аулақ ұстаса, қоғамда бұған қатысты ешқандай мәселе болмас еді. Сондықтан әрқайсысымыз құлқынды тәуелді ететін жағымсыз әрекеттен тиылуды өзімізден бастауымыз керек. 10 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасында да бірқатар міндеттер бар. Қазір кеңес мүшелері түсіндірме жұмыстарын жүргізуді бастап кетті. Мен де баршаңызды сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақырамын, – деді кеңес төрағасы.


Келелі кездесуде халық қалаулысы Ахан Кенжебаев та ұлағатты ұстаздарға бұл жағымсыз әрекеттің зиян тұстарын атап өтіп, онымен күресуде жұмыла іс қылу абзал екенін жеткізді. Жиын соңында кеңес мүшелері қатысушылардың бірқатар сауалына жауап берді.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: