Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, оның ішінде жасөспірімдер арасындағы орын алатын қылмыстармен күресетін ішкі істер саласының қырағылары жастардың қауіпсіздігіне де аса мән беруде. Мәселен, олар түрлі акциялар арқылы білім ошақтарына барып оқушыларға жолда жүру ережелерін түсіндіруді қолға алды. Жуырда ұйымдастырылған “Қауіпсіз мектеп автобусы” акциясы аясында да аудандық полиция бөлімі ЖПБ-ның ювеналды полиция тобының КТІЖ учсакелік полиция инспекторлары кент орталығындағы білім ошақтарына барып, оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргіздік.
Біздің негізгі міндет жасөспірімдер арасында орын алатын қылмыстарды болдырмауға бағытталғанымен олардың қауіпсіздігіне де аса мән береміз. Бүгінгі ацияның да негізгі мақсаты түптеп келгенде осыған саяды. Қазір мектептен шыққан оқушылар жолдың екінші бетіне өтерде тек жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен ғана өтуі керек. Бұл олардың өз қауіпсіздігі үшін аса маңызды. Кешегі республикалық акцияда мұның бәрі жалағаштық жасөспірімдерге толық түсіндірілді. Алдағы уақытта да осындай түрлі акциялар арқылы жасөспірімдер арасында қылмысты азайту, олардың қауіпсіздігіне мән беру жұмыстары жалғаса береді.
Жасөспірімдер арасында орын алатын қылмысты азайту жұмыстары Жалағашта өз жемісін беріп жатыр. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда олардың қатысуымен орын алатын қылмыстар саны едәуір төмендеген. Біздің негізгі міндет қылмыспен күресу болғанымен біз үшін оның алдын алған маңызды. Сондықтан күні-түні қоғам тыныштығын күзету арқылы жасөспірімдердің теріс әдеттерден арылуына жұмыс жасаймыз.
Қазір әлемді шарпыған індет жас талғамайды. Мемлекет кемел келешегімен байланыстыратын жастардың да ортақ тәртіпке бағынғаны абзал. Сондықтан біз қылмыспен күресе жүріп, қоғамдық орында мемлекет бекіткен тәртіпке бағыну баршаға міндет екенін жасөспірімдер назарына ұдайы салып жүреміз. Бұл өз кезегінде бір жағынан індетті ауыздықтауға да өз септігін тигізері сөзсіз.
Ауданда жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын қылмыстар санының айтарлықтай төмендеуіне аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен өткен түрлі профилактикалық шаралар септігін тигізуде. Біз ондай түрлі шаралар арқылы жасөспірімдерге қылмысқа жетелейтін теріс әдеттердің зиян екенін түсіндіріп, барынша одан аулақ болуға шақырамыз. Нәтижесінде қазіргі таңда олардың қатысуымен орын алатын қылмыстармен күресу жұмыстары өз жемісін беріп жатыр.
Ерлан ЖҮРГЕНБАЕВ,
АПБ ЖПҚБ ювеналды полиция тобының
КТІЖ учаскелік полиция инспекторы,
полиция капитаны
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!