Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Бейсенбі, 19 қыркүйек, 21:32

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

13.07.2023

323

0

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Еспенбет Жасұлан «Ауыл аманаты» жобасы бойынша қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдау барасында несие алушыға қойылатын талаптар, құжаттар тапсыру заңдылығы, жобаның мәні, бағдарламаға кім қатыса алады, несиеге қатысу үшін қандай құжаттар қажет, бағдарлама қанша уақыт ішінде жүзеге асырылады, ауылшаруашылық кооперативіне кіру не үшін қажет, берілген несиенің максималды сомасы бойынша сауалдар келіп түсті.

Ауылдық елдімекендерден хабарласқан және қабылдауға келген өтініш иелеріне аталмыш бағдарлама аясында кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заңды кеңестер берілді.

#Amanat

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: