Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жексенбі, 24 қараша, 09:50

Ұлттық жоба аясында 369 мектеп салынады

25.07.2023

493

0

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді, оның шеңберінде 2024-2025 жылдары 740 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 369 мектеп салынады.

Бүгінде білім беру мекемелерін технологиямен жарақтандыру стандарттарын жасау бойынша жұмыс жүргізілді. Алдын ала жасалған тізімде жиһаз, көрнекі құралдар, оқу, компьютерлік, музыкалық, интерактивті және спорттық жабдықтар қарастырылған.

Айта кету керек, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп отандық тауар өндірушілердің ұлттық жобаға қатысу мәселесі пысықталған.

Жаңа мектептер жеті түрлі болады: 300, 600, 900, 1200, 1500, 2000 және 2500 орындық. Қазіргі уақытта мектептердің қуаттылығы бойынша форэскиздік жо­ба­лары, көлемдік жоспарлау шешімдері «Мемса­раптама» РМК-мен алдын ала келісіліп, тиісті жұ­мыс­тар жүргізу үшін барлық өңірлерге жіберілген.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру апатты жағдайдағы, үшауысымды және орын тапшы мектептер мәселелерін шешуге, сондай-ақ білім сапасын арттыруға және оқу үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: