Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Сәрсенбі, 29 сәуiр, 16:05

Педагогтер қағаз және электрондық есепті қатар жүргізу міндетінен босатылады

29.04.2026

3

0

Мәжіліс «Педагог мәртебесі және білім беру мәселелері туралы» заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Құжаттар педагогтердің құқығы мен мүдделерін заңнамалық деңгейде қорғауды күшейту мақсатымен депутаттардың бастамасымен әзірленген, деп жазады Egemen.kz.

Негізгі өзгерістердің бірі – педагогтердің білім алушылар үшін жауапкершілігін тек оқу процесі аясында белгілеу. Ал балалардың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігі кеңейтіледі.

Сонымен қатар педагогтерді қағаз және электрондық форматта бір мезгілде есеп жүргізу міндетінен босату қарастырылған. Яғни білім беру ұйымдарында есептілікті қатар жүргізуге тыйым салынады, бұл мұғалімдердің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Тағы бір маңызды жаңалық – орта білім беру ұйымдарында ұялы құрылғыларды пайдаланудың бірыңғай ережелері енгізіледі. Бұл оқыту процесін жүйелеуге және тәртіпті нығайтуға бағытталған.

Құжатта сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар деңгейінде мектеп оқушыларын ғылыми жұмысқа тарту шаралары көзделген. Бұл жас ұрпақтың зерттеушілік қабілетін дамытуға жол ашады.

Бұдан бөлек, Үкімет бастамасымен жетекші шетелдік университеттердің Қазақстанда жұмыс істеуіне қолайлы құқықтық орта қалыптастыру қарастырылған. Филиалдар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары сақталған жағдайда ашылады.

Жалпы, ұсынылған түзетулер білім беру жүйесін жетілдіруге, педагог мәртебесін арттыруға және оқу процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: