Хорватияның Дарувар қаласында ер адам қарттар үйіне басып кіріп, оқ атқан. Салдарынан бес адам көз жұмып, көптеген адам түрлі дене жарақаттарын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ер адам қарттар мен мүгедектер үйіне кіріп, адамдарға оқ атқан. Бес адам сол жерде қайтыс болды, қалғандарына медициналық көмек көрсетіліп жатыр», делінген хабарламада.
Мәліметтерге сүйенсек, қаруланған ер адам қашып кетіп, көп ұзамай полицейлер оны қолға түсірген. Сондай-ақ бейресми ақпаратқа сәйкес, кісі өлтіруші – отставкадағы әскери полиция қызметкері, ал оның анасы осы үйдің бенефициары болған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!