Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Сейсенбі, 15 қазан, 17:31

1 жасқа толмаған балаларға қызылшаға қарсы екпе егіледі 

04.11.2023

544

0

Облыста 6 қарашадан бастап 1 жасқа толмаған балаларға қызылшаға қарсы қосымша иммундау жұмыстары  жүргізіледі.  Ал 2-4 жас аралығындағы балаларға екпе егу жұмыстары 5-ші желтоқсанда басталады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова хабарлады.

Қызылша індетіне шалдыққандардың басым бөлігі – ауруға қарсы екпе алмаған жандар. Сондай-ақ, уақытылы вакцинацияланбаған балалар қызылшаға жиі шалдығады. Осыған сәйкес, қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалын тұрақтандыру үшін қажетті шаралар қолға алынды. Қазақстан Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, қызылшамен ауырған  науқаспен байланыста болған 30 жасқа дейінгі адамдар шұғыл вакцинацияланады және медициналық бақылауға алынады. Сонымен қатар тұрақты тіркелмеген, қызылшаға қарсы егілу дерегі жоқ азаматтар келісім бойынша бір рет иммундалады. Қызылшаға қарсы егілмеген 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері де екпе алады. Бұдан бөлек, халық арасында ақпараттық түсіндірме жүргізіледі, – деді Әлия Мүтәліпқызы.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова қызылша ауруының белгілеріне тоқталып өтті.

-Қызылша – кең таралған инфекциялық ауру. Көбіне қызылша балалар арасында кездеседі. Аурудың белгілері – дене қызуының көтерілуі, мұрынның, көздің және тамақтың шырышты қабығы қабынады және теріде бөртпелер пайда болады. Бұл инфекция ауа арқылы беріледі. Сондықтан аурудың алдын алып, уақытылы екпе қабылдаған жөн, – деді Айна Қарабұзауқызы. 

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста қызылша ауруының 708 дерегі тіркелді. Оның 611-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды. Ал 1 жасқа толмаған  нәрестелер арасында 163 жағдай орын алды. 
Ескеретін жәйт, облыста былтыр қызылша ауруына шалдыққандар тіркелмеген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: