Еліміздің басым бөлігі антициклонның әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек елдің солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, екпінді жел соғады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде топырақ бетінде, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында, Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік күтіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!