Еліміздің басым бөлігінің ауа райын әлі де кең ауқымды антициклон анықтайтын болады, соған байланысты ашық, көбінесе жауын-шашынсыз күн райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек еліміздің солтүстік-батысында, түнде оңтүстік-батысында және күндіз оңтүстікте атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, түнде Ақтөбе облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік күтіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!