Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Бейсенбі, 10 қазан, 18:03

2,5 проценттік кредит қай кезде беріле бастайды

04.02.2023

349

0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов жастарға арналған 2,5 проценттік кредит келесі айда беріле бастайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгінде министрлік кредит беру ережелерін әзірлеген. Әділет министрлігінен тіркеуден өткен.

«Біздің тарапымыздан барлық шешім қабылданды. Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдармен осы механизм бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Осы айда жергілікті атқарушы органдар мен қаржы министрлігі кредит келісіміне қол қойса, келесі айда бастаймыз», – деді Сарбасов сенатта өткен брифингте.

Айта кетері, осы бастаманы іске асыруға бюджеттен 28 миллиард теңге бөлінді. Микрокредит кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтарға конкурстық негізде беріледі.

Жеңілдетілген кредиттің шарттары:

– номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%;

– қарыздың ең жоғары сомасы – 5 миллион теңге (ол үшін кепілдік қою керек);

– мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы саласы болса, 7 жыл.

Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі қарастырылған. Ол кредит берілген мерзімнің үштен бірінен аспауы шарт. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кредит өтеусіз беріледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: