Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 12:18

2024 жылы «Келешек» бағдарламасы іске қосылады

05.12.2023

599

0

Елімізде келер жылы «Келешек» бағдарламасы жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

«Бүгінде «Келешек» бағдарламасына заңнамалық өзгерістер енгізіліп жатыр. Білім туралы, жинақтаушы жүйе және басқа да заңдарға өзгерістер енгізу қажет. Банктер әлі анықталған жоқ, олар бағдарламаның серіктесі болады. Жоғары қаржылық тұрақтылыққа ие банктер болатыны түсінікті. Сонымен қатар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің өз талаптары болады», — деді Саясат Нұрбек Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министр 6-7 банк аталған бағдарлама серіктесі болады деп болжап отыр. 

Сондай-ақ, С. Нұрбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылы 1 қыркүйекте балаларға арналған арнайы жинақтау жүйесін енгізуді тапсырғанын айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: