Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Сейсенбі, 05 қараша, 11:38

6 айда 533 іс қаралған

13.07.2024

310

0

Еліміз тәуелсіздік алғалы демократиялық қағидаларды ұстану, халықтың бостандығы мен құқығын қорғау мәселелерін ерекше назарда ұстап келеді. Сондықтан осы жылдар ішінде сот жүйесінде жасалған реформа аз емес. Салаға енгізілген өзгерістердің барлығы дерлік ашықтық пен жариялылыққа негізделіп, сот жүйесіне халықтың сенімін арттыруға бағытталды. Сот жүйесінің коммуникациялық стратегиясы қоғам мен соттың тиімді диалогын қалыптастыру, соттың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету болып табылады. Осы орайда аудандық сот төрағасы Асылхан Мизанбаев БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясында биыл 6 айда атқарылған жұмыстарды баяндады.

Аудандық сот төрағасының ай­туынша, соңғы жылдары еліміздің сот­тары әлеуметтік желіде белсенді болып, кейбір дау туғызған сот отырыстарын қоғаммен талқылау да әдетке айналып келеді. Тіпті сот шешіміне қар­сылық танытқан кейбір азаматтар шағымын қалдыратын Жоғарғы соттың әлеуметтік желіде арнайы парақшасы да ашылған. Бәрі ашық, қолжетімд, жариялы. «Әділетті Қазақстан» құруға ұмтылған еліміздің бұл қадамы халық көңілінен де шығары анық. Сондай-ақ судьялар мен сот қызметкерлері са­ла­дағы маңызды тақырыптарға ар­нап мақала жазып, республикалық не­ме­се жергілікті телеарналарда құқық­тық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ха­лықтың құқықтық сауатының ар­туына көңіл бөлуде.

Статистикаға сүйенсек, биыл 6 айда аудандық сотта 533 іс қаралып, аяқ­талған. Оның ішінде азаматтық 261, қылмыстық 27, әкім­­ші­лік құқық бұ­зушылық 243, әкім­шілік 2 іс бойын­­ша соттың шешімі шы­ғарылған. Аяқ­талған 261 азаматтық істер бойын­ша 261 іс аяқталса, оның 137-сіне ше­шім шығарылып, 18 іске сот бұй­рығы бекітілген. Сондай-ақ тоқ­та­тылған 74, қараусыз қалдырылған 30, басқа сот­тың қарауына жолданған 2 іс тіркелген. Тоқтатылған азаматтық іс­терге қатысты медиация бойынша 73, оның ішінде сотқа дейінгі хаттама не­гізінде 69 іс бойынша жұмыстар жүр­гізілген.
Азаматтық істер бойынша ең көп қаралған даулар шарт бойынша мін­деттемеден туындаған дауларды ай­туға болады, яғни банк қарыз шарты, қарыз ақша өндіру бойынша 142 іс соттта қаралған.

Соңғы уақытта қо­ғамда отбасы мә­селелерінің жиі орын алып, соңы ажы­расуға әкеліп жатқан жайттар же­терлік. Мәселен, аудандық сотта неке бұзу бойынша 31, кәмелетке толмаған балаларды асырап бағу үшін алимент өндіру жайлы талаптар аясында 17 заңдық маңызы бар фак­тіні анықтау жайлы арыз қаралған.
– Сот кабинеті электрондық ақпарат­тық қызметі арқылы сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімділік артып, саладағы сот ісін жүргізу жеңілдеді. Ең бастысы, адам факторы араласпай көптеген сот қызметін онлайн алу мүм­кіндігі артты. Еліміздің кез келген азаматы, заңгер немесе оның қорғау­шысы үйден шықпай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта сот құжатын, сон­дай-ақ іс материалдарының мәр­те­бесін қарай алады және сот актісін шы­ғара алады. Бұл да – еліміздің сот жүйесінің ашықтығының бір дә­лелі. Сондай-ақ қазіргі таңда сот оты­рыстары өтетін орындарын сапалы бейнежазба, дыбыс жазу құралымен жарақтау міндеті қойылған. Яғни сот отырыстары жариялы түрде арнайы жазба құралдарына жазылып отырады. Атап өтер жайт, оны өзгертуге ешкімнің құқығы жоқ, оның ішінде судья да оған өзгертулер мен түзетулер енгізе алмайды. Жазылған бейне дыбыспен тыңдалып, көзге көрініп тұрады. Біз осы жазба құралы арқылы қаралған істердің есебін беріп отырамыз. Бұл өз кезегінде сотқа жүгінген азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін шы­найы қорғаудың сапасын одан әрі арттыра түсері анық. Яғни бұл да – еліміздің сот жүйесіндегі ашықтық пен жариялылықтың бір мысалы, – дейді Асылхан Мизанбаев.

Бүгінде аудандық сотта қылмыстық істер бойынша 27 іс аяқталып, нәти­жесінде 20 іске үкім шығарылған. Нақ­тырақ тоқталсақ, 4 іс толықтай тоқ­татылған, 1 іс медиация тәртібімен та­туласқан, соттылығы бойынша 3 іс жолданған, 22 адам сотталған. Оларға тағайындалған жаза түрлері әртүрлі, мысалы, қоғамдық жұмысқа 5 жазасын өтеуші тартылған, 11 қылмыскер бас бос­тандығынан шектелген. Сондай-ақ 3 азамат бас бостандығынан айы­рылған, 2 іс бойынша айыппұл са­лынған, 1 қылмыскерге шартты жаза тағайын­далған.

Аяқталған істердің санаттарына тоқ­талсақ, жеңіл санаттағы қылмыс 6, ауырлығы орташа қылмыс 3, ауыр қылмыс 10, теріс қылық санатындағы қылмыс аясында 8 іс қаралған. Аяқ­талған қылмыстық істердің ең көп қа­ралған қылмыс санаты бойынша, ҚК-нің 188-бабы, ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру 6 іс, ҚР ҚК 187 бап, ұсақ-түйек жымқыру 6 іс, есірткі затын заңсыз егу, тасымалдау санатында 6 іс, ҚК 190 бап, алаяқтық санатында 3 іс тіркелген.

Түсіп қаралған әкімшілік құқық бұ­­­зу­шылық туралы істер бойынша 246 тіркелсе, оның 172-сіне жаза та­ғайын­далған, 68-і тоқтатылған, 4 іс сот­ты­лығы бойынша жолданған, ал 19 іс та­раптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен тоқтатылған. Жа­за тағайындалғандары бойынша 74 іске айып­пұл салынған, 14 іске ескерту берілген, 83 азамат қамауға алын­ған. Сонымен қатар көлік құралын бас­қа­ру құқығынан айыру бойынша 16, әкімшілік құқық бұзушылықтың ең көп қаралған санаты бойынша кө­лік құ­ра­лын алкогольді масаң күйде бас­қа­ру 16, жеке бастың құқықтарына қол сұ­ға­тын, оның ішінде ұрып-соғу, от­басы-тұрмыстық қатынастарда тұра­тын адамды ұрып соғу 15, отбасында жан­жал шығару бойынша 48 іс қарал­ған.

Осы ретте ерекше тоқталатын жайт, ««Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 15 сәуірдегі №73-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құ­қық­тары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 72-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы Қазақстан Рес­публикасының заңдары 2024 жыл­дың 15 маусымында заңды күшіне енді.

Атап өтетін болсақ, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзу­шы­лық ретінде танылды. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды. Неке және отбасы, әке болу, ана мен бала ин­ститутын ны­­ғайтуға негізделген неке және от­басы заңнамасының жаңа қағи­даттары, сон­дай-ақ жалпы адам­заттық, ұлт­тық, дәстүрлі, мәдени, отба­сылық құн­дылықтарды құрметтеу негізінде ба­лалардың адамгершілік, рухани тәр­­биесін қамтамасыз ету қа­ғидаты қарастырылған. Отбасы, әйел­дер мен балалардың құқықтарын қорғау мә­селелері жөніндегі байланыс орта­лығы қызметінің құқықтық негіз­дері жа­салды. Тұрмыстық зорлық-зом­­бы­лықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін от­басын қолдау орталықтарын құруға және олардың жұмысына қатысты мә­­селелер заңнамалық тұрғыдан бе­кітілді. Өзін-өзі өлтіруге итермелегені және ықпал еткені, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруді насихаттағаны үшін қыл­мыс­тық жауапкершілік енгізілді.

Баспасөз конференциясын қо­ры­тын­­­­ды­лаған аудандық сот тө­ра­ғасы ал­­дағы уақытта да сот тө­релігінің са­­пасын арттыруға, сот жү­йесін нығай­туға бар­лық шаралар қол­да­ны­ла­ты­нын жеткізді.


Ерлан Созақбаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: