Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Бейсенбі, 21 қараша, 14:12

А.Мизанбаев: 369 іс қаралып, әділ шешім шығарылды

19.07.2023

1439

0

Бүгінгі ҚР сот жүйесі еліміздегі түбегейлі өзгерістермен тікелей байланысты реформаларды бастан өткеруде. Иә, реформалардың мақсаты – сот жүйесін халыққа жақындатып, мықты әрі тиімді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді қорғауға қабілетті жүйе құру. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Ал заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Ендеше, судьяның әділ төрелікті дөп басып айтуы маңызды. Осы бағыттағы сот жүйесіндегі реформалар тәуелсіз Қазақстанның Жаңа Қазақстан құру жолында әділ сот төрелігін құру үшін судьялардың жауапкершілігін, көтерер жүгін арттырады. Сәйкесінше, сот корпусына талаптар күшейтілді.

Осы орайда Жалағаш аудандық сотында сала қызметкерлерінің және де БАҚ өкілінің қатысуымен 2023 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысы бойын­ша баспасөз конференциясы өтті. Бас­пасөз конференциясында ау­дандық сот төрағасы А.Мизанбаев баян­дама жа­сап, бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Нақтырақ тоқталсақ, аталған мер­зімде аудандық сотта барлығы 369 іс қаралып, аяқталған. Оның ішін­де, азаматтық 203, қылмыстық 34, әкім­шілік құқық бұзушылық 132 іс қа­рал­ған. Аяқталған 203 азаматтық істер бойынша, сот бұйрығы 24, шешім 117, тоқтатылған іс саны 38, қараусыз қалдырылған 24, басқа соттың қа­рауына жолданғаны 1. Тоқтатылған азаматтық істерге қатысты медиация бойынша 38, оның ішінде сотқа дейінге хаттама негізінде 28 іс бойынша жұмыс жүргізілген. Азаматтық істер бойынша ең көп қаралған даулар шарт бойынша міндеттемеден туындаған даулар, яғни банк заем шарты, қарыз ақша өндіру 37, неке бұзу 36, кәмелетке толмаған балаларды асырап бағу үшін алимент өндіру жайлы талаптар 24 болса, заңдық маңызы бар фактіні анықтау жайлы 22 арыз қаралған.

Қылмыстық істер бойынша 34-і аяқ­талған, ал 11 іске үкім шығарылған, 17-сі тоқтатылған, сондай-ақ 17-сі ме­диа­ция тәр­тібімен татуласқан, 5 іс сот­тылығы бойынша жолданған және 13 адам сотталған.
– Қазақ қоғамындағы белгілі бір тектілік қасиеттерді ұстанған турашыл би-шешендеріміздің «қара қылды қақ жарған» әділ шешімдерінің ел, ру ара­сында орындалуы міндетті шарт болып табылған. Әрбір би әділ шешім­дерінің өз ортасына ғана емес, дүйім жұртқа жайылғанын қалаған. Осындай мәртебе арқылы ел сеніміне ие болып, үмітін ақтау үшін аянбай қызмет еткен.

Сондықтан әрбір азаматқа әділ жаза түрлерін тағайындауға міндеттіміз және қызметтік жағынан да, моральдік жағынан да парызымыз болып табы­лады. Жаза түрлеріне нақтырақ тоқ­талсам, 1 азамат қоғамдық жұмысқа тартылды, 4 азаматтың бас бостандығы шектелді, бас бостандығынан айыру 6, 1 азаматқа айыппұл міндеттелді, 1-еуіне шартты жаза тағайындалды. Аяқталған істердің санаттарына тоқталсақ, же­ңіл санаттағы қылмыс 4, ауырлығы орташа қылмыс 7, ауыр қылмыс 10, ал тағы 10 іс теріс қылық санатындағы қылмыс болып табылады. Аяқталған қылмыстық істердің ең көп қаралған қылмыс санаты бойынша, ҚР ҚК-нің 188-1 бабы, мал ұрлығы бойынша 3 іс, ҚК-нің 188-бабы, ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында 7 іс, ҚР ҚК 187 бап, ұсақ-түйек жымқыру бойынша 11 іс, есірткі затын заңсыз егу, тасымалдау санатында 3 іс қаралды.

Жалпы, қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 139 істің аяқталғаны 132 болса, жаза тағайындалғаны 89, тоқтатылғаны 42, соттылығы бойынша жолданғаны 1, тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен тоқтатылған 19 іс. Жаза тағайындалғандары бойынша, айыппұл 50, ескерту 5, қамаққа алу 34, көлік құралын басқару құқығынан айыру 12, көлік құралын басқару құқығынан айыру қосымша жаза ретінде 12 адамға жаза қолданылды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың ең көп қаралған санаты бойынша көлік құралын алкогольді масаң күйде басқару 12, жеке бастың құ­қық­тарына қол сұғатын, оның ішін­де ұрып-соғу, отбасы-тұрмыстық қаты­настарда тұратын адамды ұрып соғу 14 іс келіп түскен. 1 іс келесі тоқсанға қалса, 6 іс біріктірілді. Есепті мерзімде сот­пен азаматтық істер бойынша 1, жеке ұйғарым, қылмыстық іс бойынша 1, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 6 іске жеке қаулылар қа­был­данды, – дейді аудандық сот төрағасы.

Баспасөз конференциясын қорытын­дылай келе сот төрағасы алдағы уа­қытта да сот төрелігінің сапасын артты­руға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап өтті. Әрине, сот саласы ешқашан жеңіл бол­маған және болашақта да оңай бол­майтыны белгілі. Сондықтан еліміз­дегі сот жүйесінің дамыған мемлекеттер сапына қосылуына үлес қосу – мәртебе әрі мақтаныш.

Иә, сонау заманнан қалыптасқан әділетті үкім шығара білген билердің жолы қазіргі тәуелсіз елеміздің сот жүйесіне бағыт-бағдар болары сөзсіз. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», «Ханда қырық кісінің ақылы болса, биде қырық кісінің ары бар» деген бабаларымыздан қалған ұлы сөз бар. Қазақ қоғамындағы белгілі бір тектілік қасиеттерді ұстанған тура­шыл би-шешендеріміздің «қара қылды қақ жарған» әділ шешімдерінің ел, ру арасында орындалуы міндетті шарт болып табылған. Әрбір би әділ шешім­дерінің өз ортасына ғана емес, дүйім жұртқа жайылғанын қалаған. Осындай мәртебе арқылы ел сеніміне ие болып, үмітін ақтау үшін аянбай қызмет еткен.

Жандос ЖАЗКЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: