Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Бейсенбі, 05 желтоқсан, 21:35

Әлеуметтік нысандар
әлеуметке қызмет көрсетуге лайық болсын

27.01.2024

387

0

Кеше аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кентінде орналасқан нысандарды аралап, дербес бөлім мекемелердің жұмыстарымен танысты. Алдымен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің ғимаратымен танысып, бөлім басшысына сапалы қызмет көрсету үшін жайлы ғимараттың қажет екенін ескертті. Алдағы уақытта кент орталығынан халыққа қолайлы жерге көшу қажеттігін жеткізді.

Аудан тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға жетелейтін «Б.Құлтекенов» атындағы жабық бассейннің қызмет сапасы Ардақ Ибраимовтың назарынан тыс қалмады. Ел игілігіне салынған жаңа ғимаратты ұқыпты, күтіп ұстаумен қатар жаттығу залын сапалы спорттық жабдықтарымен қамтамасыз етуді тапсырды.
Мұнан кейін аудан әкімі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен «Мансап» орталығында болды. Халық үшін қазіргі таңда өзектілігі жоғары нысан басшылары мен мамандарына маңызға ие салада сапалы қызмет көрсету үрдіске айналу қажеттігін айтты.
Жалағаш кенті Желтоқсан көшесіндегі еңселі ғима­раттардың бірінде қазіргі таңда Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жол­дары бөлімі, Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бө­лімдері бірге орналасқан. Аталған нысанның қаскелбетін қалпына келтіру үшін, ішкі жаңалау жұмыстарына жоба-сметалық құжаттар әзірлеу тапсырылды. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі де аталған ғима­раттың сол жақ бөлігінде жұмыс жасауда.
Аудан әкімі туған жердің тұғырын биік ұстап, талай додада топ жарып жүрген жас өрендердің мекеніне айналған Мәдениет және спорт бөлімінің, Қ.Қазантаев атын­дағы мәдениет үйі мен «Руханият» орталығының жұ­мыс­тарына оң бағасын берді. Бұл тұста «Наркескен» спорт клубына демеушілік есебінен жасалып жатқан оң өзге­рістерін ерекше айтып өтті. Сондай-ақ Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығынан қоғамның қозғаушы күші саналатын жастардан жақсылыққа бастауда жаңа жобалар мен ұтымды ұсыныстар күтетінін жеткізді.
Жуырда ғана жөндеу жұмыстары жасалған Жалағаш кенті әкімі аппараты мен «Жалағаш жаршысы» газетінің ғимараттарына табан тіреген Ардақ Ибраимов ақпараттық дәуірде «Жалағаш жаршысы» газетінің ерекше маңызға ие екенін айтты. Сондай-ақ аудандық сайлау комиссиясы орналасқан ғимаратқа да арнайы барған Ардақ Әбді­ғаппарұлы бұл нысандағы бөлімдер жұмысымен де та­нысты. Ал аудандық экономика және қаржы бөлімінің ғима­ратына жөндеу жұмыстарын жасау қажеттігін жет­кізді. Нысандарды аралау барысында айтылған тапсыр­малардың уақытылы орындалуы сала бойынша жауапты аудан әкімінің орынбасарларына жүктелді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: