Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Сәрсенбі, 16 қазан, 08:45

АЭС ЕЛДІ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

10.09.2024

644

0

Атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның халықаралық мәртебесін айтарлықтай арттырып, әлемдік аренадағы орнын нығайта алады. Яғни, атом электр станциялары импорттық ресурстарға тәуелділікті азайтады. Сонымен қатар, атом энергиясын пайдалану көміртегі шығарындыларын азайтады, елдің экологиялық беделін арттырады, экономикалық өсуді ынталандыра отырып, технологиялық прогреске және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Қазақстан атом энергетикасы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, әлемдік аренадағы саяси ықпалын арттырады.

Бүгін АЭ Ссалуды қолдау жөніндегі Жалағаш аудандық халықтық штаб өкілдері Дәулет Қалдыгүл, Айғараев Ербол, Ахметжамиев Асхат және Жүсіпбекқызы Анар референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында аудандық оқушылар үйінің қызметкерлерімен кездесті.

Қазіргі кезде елімізде цифрландыру жүріп жатыр, бұл жағдайда электр энергиясы аса маңызды стратегиялық ресурсқа айналатындығы хақ. Ал атомдық станция жел мен күн станцияларына қарағанда тиімді екендігі айтылуда. Оның үстіне электр энергиясына деген сұраныс күннен-күнге артып келеді. Сол себепті атом электр станциясын салу мәселені шешудің тиімді жолы болып тұр – деді Қалдыгүл Дәулет.

Атом электр станциясының құрылысы Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады яғни, энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыру, заманауи технологияларды енгізу, қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындыларын азайту арқылы экологиялық жүктемені азайту, жаңа жұмыс орындарының пайда болуы. Атом электр станциясының құрылысы оның айналасындағы инфрақұрылымды дамытуды да көздейді. Мәселен, аймақты дамытудың жаңа бағдарламасы жасалып, онда жолдар, мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер және т.б. салынады – деді Асхат Ахметжамиев.

Сонымен бірге, әрбір штаб өкілдері жиынға қатысушылар тарапынан түскен сауалдарға жауап беріп, еліміздің энергетикалық болашағы үшін АЭС салудың қажеттілігі туралы ойларын ортаға салды.

AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: