Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Сенбі, 07 желтоқсан, 16:37

Аймақ басшысы жылу-электр орталығының жұмысымен танысты

07.01.2024

236

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қызылорда жылу-электр орталығының» жұмысымен танысты.

Электр және жылу энергиясын өндіру, тарату, жеткізу қызметін жабдықтаушы мекеменің негізгі қондырғылары штаттық режимде жұмыс істеуде. Барлық жылу энергия көздерінің жұмысы сыртқы ауа температурасына қарай бекітілген кестеге сәйкес.

Электр энергиясының орташа өнімі сағатына 46,3 МВт, оның ішінде өз қажеттілігіне 6,3 МВт пайдаланады, тұтынушыларға  40 МВт жіберіледі.  Жылу энергиясы сағатына 132  Гкал өндіріледі.

Аймақ басшысы орталықтың тұрақты әрі қалыпты режимде жұмыс істеуін қатаң қадағалауды тапсырды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының еліміздегі жылу-электр орталықтарының жұмысын жандандыру тапсырмасына сәйкес, Қызылордада ЖЭО құрылысы басталды. Бұл – тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынатын ең ауқымды, теңдессіз жоба. Құны 215 млрд теңге болатын орталық 2025 жылы іске қосылмақ.

Жаңа ЖЭО электр энергиясын сырттан сатып алудан арылтып,  өндірілген электр энергиясының бір бөлігін аймақтан тыс жерлерге сатуға мүмкіндік береді.

FB_IMG_1704558449644.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: