Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Бейсенбі, 05 желтоқсан, 22:04

Алты айдағы Сыр өңіріндегі мемлекеттік аппараттың кадрлық  жай-күйі

12.07.2024

244

0

Бүгінгі таңда Сыр өңірінде мемлекеттік органдардың штат саны 3 349 бірлікті құрайды. Қазіргі таңда нақты жұмыс жасайтын 3 246 мемлекеттік қызметшінің 15-і саяси әкімшілік қызметші, 3231-і «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің 99,5 пайызы қазақ ұлтының өкілі,  қалғаны өзге ұлт өкілдері.

Аймақтағы мемлекеттік қызметшілер ішінде әйелдердің үлесі 45,9 пайызды құраса, оның 9,4 пайызы басшылық лауазымдарды атқарады. Атап айтқанда, 1-і басқарма басшысы, 4-і департамент басшысы, 9-ы басқарма басшысының орынбасары, 9-ы департамент басшысының орынбасары, 3-еуі ауыл әкімі, 8-і қалалық және аудандық деңгейдегі дербес бөлім басшылары.

Мемлекеттік қызметшілердің 94,4 пайызы жоғары білімді, 5,6 пайызы орта-кәсіби білімі бар тұлғалар негізінен аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдардағы лауазымдарды атқарады. Сондай-ақ  мемлекеттік қызметшілердің 23,3 пайызы екі немесе одан артық жоғары білімге ие және өңірімізде мемлекеттік қызметте 11 ғылым кандидаты, 4 «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі мен 24 Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі жұмыс жасайды. Мемлекеттік қызметтегі 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 24,4 пайызды құрайды.

Меритократия қағидаттарына сәйкес қызметшілердің мансаптық өсуінде оң нәтижелер байқалады. Атап айтқанда, бос лауазымдарға орналасуға жарияланған ішкі конкурстардың қорытындысымен тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің 71,5 пайызы жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалса, конкурс өткізілместен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға ауысу тәртібімен жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалғандың үлесі – 20,9 пайыз.

Соңғы 3 жылда таза ауысымдылықпен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың саны азайып келеді. Бүгінгі күнге өңірдегі бұл көрсеткіш 1,1 пайызды құрап отыр. Теріс себептер бойынша 2 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған.

Бақытжан НҰРАЛЫ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  облыс бойынша департаменттің бас маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: