Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:15

Аманаттықтар «Таза қазақстан» жобасына өз үлестерін қосты

16.05.2024

657

0

Бүгінде Жалағаш ауданының көркі күн артқан сайын артып келуде. Айналаға отырғызылған гүлдер мен жасыл ағаштар аудан көркін еселеп арттыруға себеп болуда. Қоршаған ортамыздың тазалығына бір кісідей атсалысу барша тұрғындардың басты міндеті болып саналады.

Осы орайда, бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» жобасы шеңберінде «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының «TazaLike» жобасыда азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаны таза ұстауды күнделікті өмір салтына айналдыру және ресурстарды үнемді пайдалану мәдениетін дамытуға бағытталған.

Жалағаш кенті орталығындағы «Тағзым аллеясы» саябағында ұйымдастырылған шарада қураған талдарды шабу, талдарды бірлеу, тазалау жұмыстары жүргізілді.

Қоршаған ортаның тазалығы адамның денсаулығына пайдалы екені өз алдына, оның көңіл күйдің көтеріңкі болуына да жағымды әсер ететіні рас. Сондықтан біз атқарып жатқан шара тұрғындарға тазалық қана емес, сонымен қатар көтеріңкі көңіл де сыйлайды деп сенеміз» – деді партия филиалының төрағасы Елеусінов Өмірзақ.

Бүгінгі ұйымдастырылған тазалық шарасына «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы Елеусінов Өмірзақ, партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, аудандық мәслихаттағы партияның фракция мүшелері,«Жастар Рухы» ЖҚ мүшелері және Жалағаш кенті орталығындағы бастауыш партия ұйымының өкілдері қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: