Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-0°C

, Жұма, 06 желтоқсан, 18:33

Ақпанның аязы қатты

20.02.2024

309

0

Қазақстанның барлық аймағында ауа райының қолайсыздығы байқалады. Соның әсерінен 7 облыстағы республикалық маңызы бар 8 автожолда қолданылатын көлік қозғалысына шектеу енгізілді, сонымен қатар оқушылар қашықтан оқу режиміне көшті.

Өткен аптаның жұмасынан бастап 112-ден келетін хабарламалардың саны артты. Оның барлығы дерлік Қы­­зы­лорда облысында күтілетін жел­­­­дің жылдамдығы мен қатты аяз­ға қатысты. Енді ғана күн жылып, көк­тем жақындады-ау дегенде аяз күшіне мінді. Тіп­ті синоптиктердің бол­­жа­уын­ша, Қа­зақстанның кейбір ау­ма­ғында ал­­да­­ғы 3 күнде -45 градус­қа дейін күн суы­тады.
Алдағы күндері еліміздің солтүстік және шы­ғыс облыстарында ауа тем­пе­ра­турасы түнде -30-38, күндіз -20-28-қа дейін суытады. Рес­публи­ка­ның оңтүстік-шығысында түнде -15-25, тауларда -30-35, күндіз -10-25 гра­дусқа дейін төмендейді деп күтілу­де.
Жұма күні ауа райы -20 гра­дусқа дейін төмендегесін мек­теп оқу­шыларының барлығы қашық­тан оқуға көшті. Аяқасты айтылған бұл хабарға оқушы­лардың да еті үйреніп кеткендей. Себебі бұндай хабарлар мектеп тарапынан кешке ғана ескер­тілетін көрінеді. Ал кешеден бері тек бастауыш сынып оқушылары ғана қашықтан оқып жатыр, ертең қалай болатыны әзірге беймәлім. Себебі ауа райының күрт өзгеруі нақты ше­шімге жауап болмай тұр.
Қазір ауа райының қолайсыз­ды­ғы­на байланысты облыста бірінші ауы­сымдағы 1-4 сыныптар қашықтан оқу­ға ауыс­ты. Олай болатындай реті бар. Себебі ауа температурасы -20 градустан төмен және желдің жыл­­да­мдығы секундына 20 метр немесе одан қатты болған жағдайда бас­тауыш сыныптар онлайн білім алу режиміне көшеді. Сондай-ақ ауа тем­­пературасының -25 градусқа де­йін төмендеуіне байланысты екін­ші ауы­сымдағы 1-9 сынып оқу­шы­лары да қа­шық­тан оқуға ауыс­ады.
Жалпы ауданда 428 сынып, 7063 оқушы бар. Оның 160-ы – бастауыш сынып, 208-і – ортаңғы буын және 60-ы – 10-11 сыныптар. Олардың барлығы бір мезетте онлайн режимге өткенде кенттегі интернет желісінің ахуалы қандай болмақ?
Иә, қашықтан оқыту кімге болса да оңай емес. Оның мәнісін карантин уақытында ұққанбыз. Интернеттен бөлек оқушының тақырыпты түсі­нуі, арнайы платформаға кіру жағ­дайы қарастырылмаған. Мектеп мұға­лім­дері қашықтан оқыту мүлде ұна­май­тындығын, бірақ күн суық­тығына байланысты онлайн режимге көшу тиімді шешім екенін айтады.
Сонымен қатар ауа райының қо­лай­сыздығына байланысты 8 облыс­­тағы республикалық маңызға ие 9 тас жолда көлік қозғалысы шек­телді. Атап айтқанда, Абай облысында «Омбы-Майқапшағай» учаскесі барлық көлік түрі үшін жабық. «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының Жамбыл және Алматы облысындағы, «Жезқазған-Петропавл» учаскесінің Ұлытау мен Қостанай өңіріндегі жол бөлігінде көлік қозғалысы шектелді. Сонымен қатар Жетісу облысындағы «Үшарал-Достық» жолы да жабылды. Ал Алматы өңірінде «Алма-Тау» туристік базасына апарар жолда жүк және қоғамдық көліктердің қатынауына уақытша тыйым салынған. Тас жол­дарды қардан тазартуға 287 техника мен 500-ге жуық адам жұмылдырылған. Ауа райының қо­лай­­сыздығына байланысты құтқа­рушылар қазақстандықтарға алыс сапарға шықпауға кеңес береді.
Айта кетейік, 9 ақпан күні ауа ра­йы қолайсыздығына байланысты «Ба­­тыс Еуропа – Батыс Қытай» ха­лы­қ­ара­лық автожолы жабылып, үлкен жолдың аудан аумағындағы тұсында орналасқан «Достық» ке­ше­нін­де 600-ге жуық жолаушы тұ­рақтады. Оларға аудан әкімдігі мен жақын орналасқан ауыл тұрғындары, аудан кәсіпкерлері тарапынан қа­жет­­ті сусындар мен азық-түлік тара­тылды.
Аяздың күшіне мінуі халықты да әбігерге салды. Алайда бастысы, ауа райына қатысты үсік шалғандар, зардап шек­кендер, жалпы адам шы­ғыны анық­талмады. Десе де сақтан­сақ, сақтайтыны қаперде болсын.

Ақнұр БОЛАТҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: