Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Жексенбі, 21 шiлде, 22:17

АҚҚҰМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖОЛДАУҒА АЙТЫЛҒАН РЕФОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ

20.09.2023

171

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын насихаттау мақсатында Жалағаш аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Гүлжайнай Айтжанова Аққұм ауылының тұрғындарымен кездесті.

Әрбір Жолдау маңызды және стратегиялық құжат болып табылады, сондықтан «AMANAT» оларды жүзеге асыруда әрқашан біріктіруші және қозғаушы күш ретінде әрекет етеді.

Партия оларды барлық деңгейдегі Фракция депутаттары арқылы да, партиялық жобалар арқылы да іске асырады. Осылайша, «Жер аманаты» жобасы аясында 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, шаруалар арасында қайта бөлінді.

Іске қосылған «Ауыл аманаты» жобасы ауыл шаруашылығын дамытудың танымал бағдарламаларының біріне айналды, оның аясында өз кәсібін ашуға 2,5% жеңілдетілген несиелер беріледі. Бұл жобаға деген сұранысты Қ.К. Тоқаев атап өтіп, оны дамыту қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасын да қолдады. Енді «AMANAT» үкіметпен бірлесіп, оны бүкіл ел бойынша ауқымын кеңейтумен айналысады.

Өткен сайлауда халықтың сенімінің арқасында «AMANAT» партиясы Мәжілісте де, барлық деңгейдегі мәслихаттарда да басым көпшілікке ие болды. Бұл премьер-министрдің кандидатурасын ұсынуға және министрлерді бекітуге мүмкіндік берді. Ал мәслихаттардағы фракцияларымыз облыс, қала әкімдерін бекітеді. Сондықтан «AMANAT» партиясы ел болашағы үшін жауапты.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы әрбір тұрғынға, әрбір қазақ жұртына жүктелетін зор жауапкершілік деп білемін. Басты мақсат – алдағы кезеңдерде алға қойған мақсатымыздан таймай, Әділетті Қазақстан жолында аянбай тер төгуіміз қажет. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Жолдауды халық асығыстықпен күтетіні рас. Демек, бұл ел дамуы жолында әрбір қазақстандықтың болашаққа деген оң көзқарасын білдіреді – деді Гүлжайна Айтжанова.

#AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: