Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 09:12

Ақыл өлшемі – ана тілі

23.01.2024

298

0

Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады.

Өз ұлтын сыйламау…» — ʺFarabi Shakirtiˮ мектеп мұғалімдері мен орта және  жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен  жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты

«Ғылыми, әдеби тілдік және тарихи тұрғыдан қарағанда қазақ тілі – түркі тілдерінің ішіндегі өте әсем, өте бай тілдердің бірі» деп неміс ұлтының өкілі, шығыстанушы  Йоханнес Бенцинг те қазақ тіліне деген өз махаббатын жеткізген. Осындай ба, іргелі жұрт тілі болған қазақ тілі – Қазақстанның болашағы.

–                     Біріншіден, мемлекеттік қызметке, оның ішінде, халықпен тығыз жұмыс істейтін лауазымға тағайындау кезінде кәсіби біліктілігіне қоса, қазақ тілін жақсы білетін азаматтарға басымдық беру керек. Екіншіден, біз қазақ тілін жақсы білетін өзге ұлт өкілдерін қолдауымыз керек. Оларды Парламентке, өкілетті органдарға сайлап, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жоғары лауазымдарға тағайындап, мемлекеттік наградалармен марапаттап отырғанымыз дұрыс. Үшіншіден, қазақ тілін қолдану барысында фонетикалық және орфографиялық қателер жіберіп алатын отандастарымызға түсіністікпен қарап, толеранттылық танытуымыз керек. Мұндай азаматтар жастарымыздың арасында да аз емес. Олардың талпынысын мазақ етпей, қайта қолдай түскеніміз жөн, – деп мемлекет басшысы да қазақ тілінің ел болашағындағы орны жайында айтып өткен болатын.

Расында болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. «Адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», – деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.

 «Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына.» деп Жүсіпбек Аймауытов секілді Алаш зиялылары да тіл тазалығы үшін күресіп, ана тіліміздің сақталуы үшін барын берген. Сол атадан-балаға мұра ретінде келе жетқан ұлттық тілімізді дәріптеп, Қазақстанның даму болашағы – тілімізде екендігін ұмытпайық!

Жалағаш аудандық сотының бас маманы
Аққасынов Рахат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: