Ардагерлерді ардақтау – ұрпақ парызы. Әрбір ардагерге лайықты құрмет көрсетіліп, қамқорлықтан тыс қалмауы тиіс. Бұл бәріміздің ортақ, абыройлы борышымыз екендігін әрдайым естен шығармауымыз керек! Қазақта «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген әдемі сөз бар. Осы орайда, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы «Жаңаталап ауылдық округі» БПҰ ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында адресттік кездесу болып өтті.
Аталмыш кездесудің негізгі мақсаты – аға буынды құрметтеу, насихаттау және баға жетпес өмірлік және кәсіби тәжірибесін, адамгершілік құндылықтарын, тәуелсіздік жылдарындағы елдің дәстүрлері, тарихы мен жетістіктері туралы тәжірибесімен бөлісу.
Келелі кездесу барысында ауыл ардагерлері ең алдымен ауылға қатысты өз ұсыныстарын айтты. Ардагерлерді құрметтеу оларға құрмет көркету игілікті іс екенін айтып, ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Ардагерлерді ардақтау – ұрпақ парызы
12.08.2022
464
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!