Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-0°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 07:56

Астанада 5 баланың анасы биіктен секіріп кеткен

28.07.2024

260

0

Астанадағы аулалардың бірінен әйелдің мәйіті табылған. Қайғылы оқиғаға көршілері мен өтіп бара жатқандар куә болған. Марқұмның жеке өмірінің егжей-тегжейін көршісі «Астана – Что? Где? Когда?» Telegram-арнасында айтып берген, деп жазады Egemen.kz.

Оның айтуынша, келіншектің бес баласы бар. Кенжесі – 1 жаста.

– 1990 жылғы әйелдің балконнан секіргеніне куә болдым. Бес баланың анасы, кішісі бір жаста. Күйеуі басқа қалаға кетіп қалып, онымен жанжал шыққан, – дейді ол.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, әйелдің мәйіті полицияға тапсырылды.

– Оқиға орнына жедел медициналық бригада шақырылды. Медициналық топ келген кезде үйдің ауласынан әйелдің мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, әйел жоғары қабаттан құлаған. Өмірге сәйкес келмейтін жарақаттан қайтыс болды, – делінген хабарламада.

Полиция бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалғанын хабарлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: