«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Қаракеткен ауылдық округі» БПҰ ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Ата-анам өмірдегі ең қымбат жан» атты ауылдың көп балалы аналарымен кездесу болып өтті.
Кездесу барысында аналардың қоғамдағы ролі, мемлекеттік тарапынан көрсетіліп жатырған қолдау жөнінде, аналардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында түрлі ұлттық жобаларды іске асыру жөнінде ұсыныстар ортаға салынды. Ауыл аналары қолдау көрсетіп, болашақты ауыл аналарымен біріккен түрлі мәдени шараларға да белсенділік танытып қатысу керектігі жөнінде айтылды.
Ұлт болашағы -бала тәрбиелеу процесіне зор мән беру керектігін арнайы түрде “Қаракеткен ауылдық округі” БПҰ Мира Жүсіпова тоқталып өтті. Болашақта барлық жоспарлы жұмыстар жалғасын табады деп сенім білдірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!