Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Жұма, 24 маусым, 01:03

Аудан әкімі А. Есжановтың 25 мамыр – соңғы қоңырау мерекесімен құттықтауы

25.05.2022

65

0

Құрметті мектеп бітірушілер, қадірлі, жас дос!

Сіздерді 25 мамыр – соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Бүгін тағы бір оқу жылын сәтті қорытындылап, сіздер жаңа өмірге қадам бастыңыздар. Санаулы күндерден кейін қолдарыңызға кәмелеттік аттестаттарыңызды алып, қияға қанат қағасыздар.

Кемеңгер ата-бабаларымыздан қалған, «Ақыл азбайтын тон, білім таусылмайтын кен» – деген сөз бар. Қазір білім – күш, білім – болашақ, қоғам дамуының кілті білімдінің қолында. Сондықтан таусылмас кен, қазіргі заманғы жоғары деңгейлі білімді игеру сіздер үшін басты мақсат болуы керек дер едім. «Оқу – инемен қазғандай» дегендей осындай қиын жолда, білім көкжиегіне қаққан қанаттарыңыз талмасын деймін.

Елдің кемел келешегі сіздердің қолдарыңызда, Сіздерді асқақ арман-мұраттарыңыз әрдайым биіктерге жетелесін!

Кез-келген ұстаздың бақыты шәкірттерінің болашағымен өлшенетіні белгілі. Мектеп қабырғасынан алған сапалы білім мен саналы тәрбие – біздің түлектеріміздің жарқын болашағының негізі. Қазіргі таңда еліміз дамудың жаңа бір биігіне қарай қадам басты. Мемлекет білім сапасын дамытып, балаларға әлемдік стандартқа сай білім беруге ерекше көңіл бөлуде. Мұның өзі ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеп, жаңа міндеттер қойып отыр.

Құрметті ұстаздар, сіздерді де мерекемен құттықтай отырып, оқу жылын табысты аяқтап, шәкірттеріңіздің ыстық ықыласына бөленіп, әрдайым абырой биігінен көрінулеріңізге тілектеспін.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: