Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:02

Аудан әкімі партия алаңында қабылдау өткізді

17.05.2024

742

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Жалағаш ауданының әкімі Ибраимов Ардақ Әбдіғаппарұлы аудан тұрғындарының мәселесі бойынша жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында аудан тұрғындары жұмыссыздық, әлеуметтік көмек, жеке тұрғын үй мәселелері бойынша өтініштерін білдірді.

Қабылдауда көтерілген мәселелерді шешу мақсатында аудан әкімі Ардақ Ибраимов әлеуметтік және жеке тұрғын үй мәселелерін көтерген тұрғындардың өтініші оң шешімін табатынын және жұмыссыздық мәселелері бойынша көтерілген өтініштерге заңға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, тарғындардың ұсыныстары назарға алынып, алдағы уақытта жауапты сала басшылары жұмыс жасайтын болады.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов тұрғындардың талап тілегінің орындалу барысын жеке қадағалауда ұстайтынын айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: