Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 12:12

«Ауыл аманаты»:
Құжаттар қабылдануда

05.08.2023

408

0

Қызылорда облысында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруды бастады. Жобаға қатысуға ниетті азаматтар қала, аудандағы ауыл шаруашылығы немесе кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдеріне құжаттарын тапсыра алады.

Жоба аясында ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы жеке кәсіпкерлер 2,5 мың АЕК-ке, яғни 8,6 млн теңгеге дейін, ал ауыл шаруашылығы кооперативтері 8 мың АЕК-ке немесе 27,6 млн теңгеге дейін несие ала алады.Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз. Жеңілдетілген несие мал шаруашылығындағы жобаларға 7 жылға, бизнестің өзге де бағыттары үшін 5 жылға беріледі.

епілмүлікке тұрғын үй, пәтер, тұрғын емес ғимараттар, несие сомасы өтелмеген жағдайда қосымша кепіл ретінде жылжымалы мүлік және жер телімі қабылданады. Жеңілдік кезеңі несие мерзімінің 1/3-нен аспайды. Несие ауыл шаруашылығы кооперациясы, ауыл шаруашылығы тауарларын өңдіру, өңдеу және жаңа өңдеу, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы (құс, балық, ара және мал шаруашылығы), бизнестің өзге де бағыттарындағы жобаларға беріледі.

Жеке кәсіпкер жобаға қатысу үшін тізімге сәйкес толық құжатты жергілікті әкімдікке өткізеді. Жергілікті әкімдік құ­жат­тың толықтығын тексеріп, «Байқоңыр» әлеуметтік-кә­сіп­керлік корпорациясына жолдайды. «Байқоңыр» әлеу­меттік-кәсіпкерлік корпорациясы құжаттарды қарауға алып, салалық қорытындылар жасап, шешім қабылдау үшін Несие комитетіне ұсынады. Содан кейін несие комитетінің оң қорытындысын алған жағдайда, кепілге қойылатын мүлікке тәуелсіз бағалау жасалады. Келісім-шартқа қол қойылып, ұсынылған кепіл уәкілетті органдарда тіркеуден өткізіледі. Осы рәсімдерден кейін қарыз беру жүзеге асырылады.

Бизнес жоспар әзірлеу үшін Қызылорда облысы кәсіп­керлер палатасы мен Бизнеске арналған үкімет мекемесіне хабарласуға болады.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: