Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:57

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.11.2023

235

0

«Ауыл аманаты» жобасының негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын агробизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу.

Қазіргі таңда Жалағаш ауданында «Ауыл аманаты» жобасы аясында өтінімдер қабылданып жатыр.

Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалында «Ақпараттық қолдау орталығы» ашылып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заң аясында кеңестер берілуде.
Бүгін партияның аудандық филиалында Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Еспенбет Жасұлан Ерданұлы «Ауыл аманаты» партиялық жобасы аясында тақырыптық қабылдау өткізіп, тұрғындарға аталған жоба аясында кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізді.

AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: