Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 14:38

«Ауыл аманаты»: тың жоба, тиімді ұсыныс

12.07.2024

247

0

Бүгінде жалағаштықтар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді жан-жақты қолдау, ел тұрғындарын аграрлық бизнеске тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу мақсатында жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасына ерекше ынта білдіріп отыр. Бұл сөзімізге аталған бағдарламамен кәсіп бастап, өз ісін өрістетіп отырған тұрғындар дәлел. Десе де бұл нәтижеге тоқмейілсімей, өңірде кәсіпкерлікті одан әрі жандандыру керек.

Жалпы «Ауыл аманаты» жоба­сы­­ның негізгі мақсаты ауыл тұрғындарының кәсібін дамытуға, олардың өрістеп, қа­на­тын кеңге жаюына ықпал ету болып табылады. Үкіметтің 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағ­дар­ламасын орындау мақсатында ауыл­­дардағы жұмыссыздықты жою, ауыл халқының жеке кәсібін жүргізу ар­­қылы табыс табуға үйретуге бағытталған.
«Ауыл аманаты» жо­ба­сын жүзеге асыру үшін былтыр Сыр өңіріне 3 млрд теңге бөлініп, бағдар­ламада қарастырылған не­гізгі 5 бағыт бойынша 406 жоба қаржыландырылған, яғни 33 кооператив, 373 жеке кәсіпкерге 2,5 пайызбен несие берілген. Биыл облысқа 4 млрд 600 млн теңге бөлініп, 575 жобаны қаржыландыру, 610 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Қазіргі таңда комиссия жұмысы басталып, негізгі оператор ретінде «Байқоңыр» ӘКК АҚ-ның облыстық филиалы анықталған.
Осы орайда «Amanat» партиясы аудандық филиалы «Ауыл аманаты» партиялық жобасы аясында «Ашық есік» күнін өткізді. Тақырыптық қа­был­дау шеңберінде өткізілген қабылдауда аудан тұрғындарына аталған жоба аясында кеңес берілді. Іс-ша­раға «Amanat» пар­тия­сы аудандық филиа­лы­ның төрағасы Өмірзақ Елеусінов қатысып, кәсіп бас­тауға ниет­ті тұрғын­дарға, ауда­нымызды дамытуға бағыт­талған әрбір жұмысқа сәттілік тілеп, «Ауыл аманаты» жобасының ау­данда іске асу барысы туралы айтып өтті.
Сондай-ақ «Amanat» партиясы ау­дандық филиалының атқарушы хат­­­шысы Қаншагүл Мұстафаева, ау­дан­дық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Жасұлан Дүйсекеев және сала мамандары әрбір тұрғынға «Ауыл аманаты» жобасы бойынша тү­сіндірме жұмыстарын жүргізіп, заң аясында кеңес берді. Аталған шараға 50-ден аса аудан тұрғыны қатысып, көкейкесті сауалдарын жолдап, жауап алды.
Бағдарламаның тиімділігі мен қар­жы ұйымының талаптарын түсіндіру үшін жергілікті билік тарапынан былтыр Жалағаш кенті және ауылдық округ тұр­ғындарымен 30 кездесу ұйым­­­­дас­ты­рылған. Аудан әкімінің хат­та­­малық тапсырмасында кент және ауылдық округ әкімдері «Ауыл ама­наты» жо­басы бойынша кемінде екі жобадан қар­жыландыру тапсырылған. Бүгінде кент пен 8 ауылдық округ бойынша «Бай­қоңыр ӘКК» АҚ арқылы өндіріс, асыл тұқымды мал шаруашылығы, қыз­мет көрсету, өсімдік шаруашылығы ба­ғытында 179,7 млн теңгені құрайтын 22 жоба қаржыландырылған.
Айта кетейік, ауданда былтыр мемле­кеттік бағдарламалар арқылы және жеке қаражаттар есебінен жалпы құны 1 млрд 701 млн теңгені құрайтын 16 жоба іске қосылған. Нәтижесінде 86 адам жұмыспен қамтылды. Мәселен, жеке кәсіпкер А.Ермекбаевтың анти­фриз өндіру цехында 2 адам жұмысқа орналасқан. Б.Айбекованың 120 орын­­­дық «Жеті қазына» балабақ­ша­сында 18 адам жұмыс істейді. И.Күзе­ков­тың 50 орындық «Арун KIDS» бала­бақшасында 9 адам жұмыспен қам­тылған. «Сыздық» ШҚ-ның тәулігіне 60 тонна күріш ақтау және жем өндіру зауы­тында 8 жаңа жұмыс орны ашыл­ды. Б.Қошқарбаевтың көлік жуу ор­та­лығында 3 адам жұмыспен қам­тылған. Б.Алдабергеновтің көлік жуу орталығы да 3 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Жұмыссыздық мәселесін бір ға­на саламен түбегейлі шешу мүм­кін емес. Бірақ аудан тұрғын­дарының осындай жобаларды ұтымды пайдалану арқылы екі қолға бір күрек тауып, табысын еселеуге болатынына көзі жеткендей.

Жандос ЖАЗКЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: