Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Жексенбі, 03 қараша, 22:03

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҰСЫНЫС-ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

18.10.2024

544

0

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының мобильді көшпелі қабылдау тобы Жалағаш ауданына қарасты Мақпалкөл және Мәдениет ауылдық округтерінде болып, халықтың толғандырған сауалдарына жауап берді.

Қабылдауға партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, облыстық мәслихаттағы фракция мүшесі Әмірбек Шаймағанбетов және тиісті басқарма өкілдері мен заңгерлер арнайы қатысты.

Екі ауылда өткен мобильді қабылдауға 100-ге жуық азамат келіп, түрлі бағыттағы өтініштерін білдірді. Соның ішінде, ауылдағы көшелерді жөндеу, жарықтандыру, инфрақұрылым мәселелерін реттеуге қатысты сауалдар жолданды.

Қабылдауға арнайы қатысқан заңгерлермен мүгедектігі бар азаматтардың заңдылық аясында пәтер алу жолдарын қарастыру мәселесі талқыланды. Ауылдағы жөндеу жұмысын қажет ететін әлеуметтік нысандардың жағдайына алаңдаған азаматтар да өз ұсыныс-тілектерін білдірді.

Тұрғындардың сауалдары бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті сала басшылары жауап берді. Елді мекен тұрғындарының өтініштерін тыңдап, мобильді қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру әрі қарай да жалғасатын болады.

Айта кетейік, 2024 жылға мобильді қабылдау жұмыстарын аймақтың 14 елді мекенінде өткізу жоспарланып, бүгінгі таңға оның 10-ы кестеге сай жүзеге асырылды. Нәтижесінде, 123 өтініш қаралып, 52-і оң шешілді. Сонымен қатар арыз-шағымның 35-іне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 36 өтініштің орындалуы бақылауға алынды.

AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: