Әрбір ата-ана өз баласына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Ата-ана жас балаларды отпен ойнауға әдеттендірмеу қажет. Мүмкіндік болса, олармен бір мезгіл өрттің зиянды құбылыс екенін әңгімелеп отырған дұрыс. Қазіргі уақытта көптеген өрт оқиғасы балалардың отпен ойнауынан, яғни сіріңке жағуынан орын алып отыр. Бұндай өрт оқиғалары өте қауіпті. Ол балалардың қатты жарақат алуына, кей кездері балалар өліміне әкеп соқтыруы мүмкін.
Осындай қатерлі оқиғалардың алдан алу үшін, ата-аналар бірқатар талапты орындауы керек. Балаларды үйде жалғыз қалдыруға, әсіресе құлыптаулы қалдыруға болмайды. Оларға жанып жатқан пешке, электр жылытқышқа, керосин лампасына қарауға тыйым салу керек. Балаларға электр пештерді, телевизор, магнитофондарды қосуға рұқсат етпеңіз. Сондай-ақ сіріңкемен ойнауға тыйым салу керек және сіріңкені балалар ала алмайтын жерде сақтаған жөн.
Абай болыңыздар! Төсекте жатып шылым шегу, бұзылған немесе бақылаусыз электр құралдары, отқа жете көңіл бөлмеу сияқты басқа да жағдайлар сіздің үйіңіздегі өрттің шығуына ықпал етеді. Отпен айналысқандарыңызда сақтық шараларын әр кезде ұмытпаңыздар және оны қатаң сақтаңыздар.
Балаларды бақылаусыз қалдырмаңыздар, уақытылы пештерді, түтін жүретін жолдарды, электр сымдарын жөндеуден өткізіңіздер.
Өрт шыққан жағдайда 101-112-ге хабарлаңыздар.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!