Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сейсенбі, 17 қыркүйек, 00:15

БАҚ қызметкерлері арасындағы шағын футболдан облыстық турнир өтті

15.07.2024

216

0

Қамбаш көлінің жағасында БАҚ қызметкерлері арасындағы шағын футболдан облыстық турнир өтті. Жағажайдағы тартысты доп додасына Сыр журналистикасының кәсіби мамандары мен осы салада еңбек ететін азаматтар қатысты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz

Спорттық шарада аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұлов, «Сыр медиа» ЖШС-нің бас директоры М.Аралбаев сөз сөйлеп, жүлдегерлерді марапаттады.

Нәтижесінде тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша жүлделі І орынды «Меншікті тілшілер» командасы иеленсе, ІІ орын «Қызылорда телеарнасы» командасына бұйырды. Ал ІІІ орынға «Сыр медиа» командасы лайық деп танылды. Осы турнирге белсене қатысқаны үшін «Толқын газеті» командасы ынталандыру сыйлығына ие болды.

Турнир барысында ерекше ойынымен көзге түсіп, жарысты тартысты ете түскен ойыншыларға түрлі номинациялар табысталды.

Осылайша жағжайдағы шағын футбол журналистердің достық байланысын нығайта түсті. Жарыс жеңімпаздарына арнайы марапаттар табысталып, командаларға сертификаттар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: