Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Сәрсенбі, 19 ақпан, 04:35

Бюджет мақсатты игерілуі тиіс

25.01.2025

261

0

Аудан соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуда ілгерілей бастады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар, құрылыс жұмыстарының көлемі, аудан бюджетінің артуы, егістік алқаптарда атқарылған жұмыстар, жылыжай, мал шаруашылығындағы жетістік жергілікті атқарушы билік пенмәслихат депутаттарының өзара бірлесіп, белсенді еңбек еткенінің нәтижесі болса керек.

Шыны керек, БАҚ өкілдері ел игілігі үшін жүзеге асып жатқан жоба­лар­мен, жалпы жергілікті халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған жұ­­­мыс­тармен түрлі жиналыстарда та­ныс болатыны рас. Апта басында аудан әкім­дігінде өткен осындай жиналыста түйі­ні тарқатылуы тиіс бірқатар мә­селе талқыланып, оң шешімін тапты деуге болады.
Ауданға қарасты ауылдардың бюджеті артуы мүмкін. Өйткені ауыл­дық округтер әлеуметтік мәселелерді шешу үшін аудандық бюджетке қа­рап отырмай, мүмкіндігінше өз проб­лемасын өзі шешуге күш салуы қажет. Сондай-ақ ауыл жұртының әл-ауқатын арттыру үшін бүгінде елді мекендерде бірқатар жобалар жү­зеге асып жатыр.
Жалпы биыл ау­­дан бюджеті 9 млрд 282 млн теңге бо­лып бекітілді. Бюджет қаражаты 16 қаңтардан бастап қазынашылықтың біріктірілген ақ­параттық жүйесіне ен­гі­зіліп, қаржы­лан­дыру жүргізіле бас­тады.
– Біз үшін аудан бюджетін тиімді және оңтайлы игеру маңызды. Сон­дықтан барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне қаңтар айына жос­пар­ланған 512,8 млн теңгені заңға сәйкес 100 пайыз игеруді тапсырамын. Сон­дай-ақ кент, ауылдық округі әкімдері дербес бюджеті бойынша заң аясын­да жоспарланған кірістердің 100 пайыз орындалуын қамтамасыз еті­ңіз­дер. Аудан бойынша 2024 жыл­дың қорытындысымен негізгі мак­ро­­экономикалық көрсеткіштері то­­­лы­­ғымен орындалып, биылға жос­пар әзірленді. Тиісті бюджеттік бағ­дар­лама әкімшілері 2025 жылдың қаң­тар айына жоспарланған барлық макро­экономикалық көрсеткіштердің 100 пайыз орындалуын қамтамасыз етіңіз­дер, – деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.
Сондай-ақ аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне негізгі ка­пи­талға тартылған инвестиция кө­леміне 2,9 млрд теңгеден кем емес инвестиция тарту қажеттігі ескертілді. Бұдан бөлек мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша барлық бюд­жет­тік бағдарлама әкімшілері 2025 жылға арналған жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарларында конкурс тәсілімен жарияланатын мемлекеттік сатып алуларының өтінімдерін қысқа мерзімде облыстық мемлекеттік са­тып алу басқармасына ұсыну тапсы­рылды.
Жылдық мемлекеттік сатып алу, жоспарлау барысында мүгедектер қо­ғамдық бірлестіктерінің заңды құ­қық­тарын сақтау қажет. Қол­даныстағы заңдылықтарға сәйкес мемлекеттік сатып алуға «жосықсыз қатысушы» деп танылған өнім берушілер туралы ақпаратты уақытылы веб-порталға енгізу назардан тыс қалмауы тиіс. Мемлекеттік сатып алу жоспарында бе­кітілген сатып алуларды өз мер­зі­мінде жариялап отыру да маңызды. Осы аталған мәселелердің уақытылы және сапалы орындалуын қатаң бақылау аудан әкімінің орынбасары Арнұр Әлібекұлына жүктелді.
Байқағанымыздайғ бүгінде аудан тұрғындары да өте белсенді. Бюджет қаржысын жұм­сауда ашық­тықты талап етіп, әлеу­меттік нысандардың құрылысын уа­қы­тылы аяқтауды әкімдерден де, мер­дігерлерден де талап етіп отырады. Жасыратыны жоқ, ауылдық округ­тер мен аудан әкімдігі арасында бірлесіп жос­парлау, талдау-сараптамалық жұ­мыс­тары ақсап тұр. Мәселе бюджет қаржысын уақтылы игеруде ғана емес, оны толықтыратын қаржы көз­дерін тауып, экономикалық өсімді қамтамасыз ете­тін салаларға басым­дық беру керек.
Аудан әкімі Ардақ Ибраимов мәжілісті «Бүгінде аудан бюджетінің нақтылануында мекемелердің жыл аяғына дейінгі қажетті шығындарын толықтай жабуға қажетті қаржысын бағыттап бердік. Ауданымыздың ке­лешегі, елді мекендердегі эконо­ми­калық жағдай мен халықтың әлеу­меттік тұрмысын одан әрі жақ­сарту бағытындағы жұмыстарды бір­лесе атқарып, елдің талап-тілегін орын­дауға барлық күш-жігерімізді жұм­сай­мыз деп есептеймін» деп қоры­тындылады.

Ж.АРЫН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: