Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:55

Демалыста ауа райы қандай болады?

05.01.2024

290

0

Қазгидромет синоптиктері 6-8 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты.

Болжамға сәйкес атлантикалық циклон және атмосфералық фронталь бөлімдер әсерінен алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 6 қаңтарда солтүстік-батыста қатты қар жауады, оңтүстікте де жаңбыр мен қар аралас қатты жауын-шашын жауады. 7-8 қаңтарда солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қар жауады. Сонымен қатар, республиканың солтүстік жартысында көктайғақ болып, боран соғады, ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

«Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында температура күрт төмендейді. Мәселен, батыста және солтүстік-батыста түнгі уақыттарда 8-25 градус аязға дейін, солтүстікте 5-30 градус аязға дейін, ал республиканың шығысында 5-18 градус аязға дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 5 градус аяз – 7 градус жылы болады», – делінген хабарламада.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: