Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Сәрсенбі, 04 желтоқсан, 13:09

Дезинфекция, дезинсекция мен дератизация туралы не білеміз?

03.12.2024

118

0

Дезинфекция  (залалсыздандыру)  дегеніміз – сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын  әртүрлі  дезинфекциялық препараттарды және құрал-жабдықтарды  қолдана отырып жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Яғни жұқпалы  және паразитарлық аурулардың кең таралып кетуін болдырмау үшін қолданылатын шаралардың бірі.

Дератизация – індет ауруларын тарататын кеміргіштерді (егеу құйрық, тышқан, саршұнақ және т.б.) жоюға немесе санын азайтуға бағытталған іс-шараларының кешені. Дератизация кеміргіштер тарататын түрлі аурулардың (оба, туляремия, құтыру, сарып, күйдіргі, сальмонеллез, т.б.) қоздырғыштарын дер кезінде құрту, олардан сақтандыру үшін жүргізіледі. Сақтандыру үшін тұрғын үйлер мен ғимараттардың астындағы жертөлелерді, қоймаларды, мал мен құс қораларын таза ұстап, азықты тышқан кіре алмайтын қоймаларда сақтайды. Тышқан інін бітейді.

Дезинсекция (ауру қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктерді жою үшін мал фермаларында, құс фабрикаларында, ет комбинаттарында, қоймаларда, т.б. қолданылатын мал дәрігерлік-санитарлық шаралардың бірі. Дезинсекцияның мақсаты – ауру қоздырып, тарататын жәндіктерді жою және олардың өсіп-өнуіне, көбеюіне жол бермеу. Дезинсекция шарасы  өндірістік, тұрғын үй-жайларда, ғимараттарда, құрылыстарда, көлікте, қалалық және ауылдық мекен аумақтарында, су қоймаларын, сондай-ақ синантропты буынаяқтылар мен кеміргіштердің табиғи мекендеу орындарын қоса алғанда, оларға іргелес ашық табиғат учаскелерінде жүргізіледі.

Дезинсекция арнайы мекемелер мамандарының бекітуімен белгіленген ережеге сай жүргізіледі.

Дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық іс-шаралар жүргізілетін жерлерде өңдеуге қатысы жоқ адамдардың, сондай-ақ үй жануарларының болуына жол берілмейді.

Дезинфекция, дератизация, дезинсекциялық жұмыстарын жүргізетін адамдар жұмыс істеу барысында  арнайы киіммен: халат, аяқ киім, респираторлар, резиналық қолғаптар, көзілдіріктер кию қажетжәне жеке бас қауіпсіздік заттарымен (СИЗ) қамтамасыз етілуі тиіс.

 Дезинфекциялық, дератизациялық, дезинсекциялық шараларға қолданылатын улы препараттар желдетілетін, стеллаждармен, сөрелермен, шкафтармен жабдықталған арнайы үй-жайларда, қоймаларда сақталады.

Г.Айымбетова,
Жалағаш аудандық
СЭББ басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: